Әнші Мақпал Исабекованың 10 күн бұрын әкесі қайтыс болған. Ол Instagram-дағы парақшасында бала кезінен әкесімен бірге түскен фотоларды жариялап, әкесі туралы естелік те жазған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Әнші басына түскен қайғыны дәл қазір қалай өткеріп жүргенін және оған не нәрсе күш беріп жатқанын да айтқан."Сенің кеткеніңе 10 күн болды. Өмір бойы болдың да, кенеттен кетіп қалдың. (...) Сені ойласам, кеудемде күйіп, тамағымда түйір пайда болады. Баламның көзінше жыламауға тырысамын, ол менің жабырқамауыма қатты көмектесіп жүр. "Ризамын саған қызым", "Күнім Құдай бере салған", "Аман жүріңдер, қайда жүрсеңдер де", "Мықты бол". Бұл өзіңнен естіген соңғы сөзім, әке. Әкешім, қаншалықты орныңның бөлек екенін неге кеткеніңде ғана біліп отырмын, қайран өмір-ай. Жаныңның қалай қиналғанын бір Аллаһ пен өзің ғана білетін шығарсың. Әкешім, асқар тауым, мәңгі мекеніңе қайттың. Қанша жыласақ та, өмір ағысына көніп отырмыз, амал қанша. Жаның жаннатта болсын, иманың саламат болсын, бір Аллаһ жар болсын! Сен көрмей кеткен қызықты мама көрсін папа. Жаным, әкешім, өзіңді қалай жақсы көргенімді айта алмадым саған, кешір…", - деп жазды ол.