"Кеуде соққысынан қайтыс болған". Саты ауылындағы 2 оқушы өлімінің мән-жайы тексерілуде

Алматы облысы Білім басқармасы басшының орынбасары Гүлсара Исағұлова Саты ауылындағы оқушылар өлімінің қалай болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ."Кеген ауданының Саты ауылында соңғы екі күнде өте қайғылы оқиға болды. 10 және 11-сынып оқушылары арасында 11 сәуірде түнгі сағат 11 шамасында оқыс оқиға болды. Кәмелет жасқа толмаған 11-сынып оқушысы 10-сыныптың бір топ баласын өзен жағасына шақырып, кеуделерінен соққан. Салдарынан 10-сынып оқушысы есінен танып құлап, сол жерде қайтыс болған", - деп айтты ол.Сөзінше, құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр. "Жасөспірім қазасының себебін анықтау мақсатында сот-медициналық экспертиза тағайындалды. Күдікті 7, 8, 9-сыныпта Талдықорған қаласындағы Ж. Үшкемпіров атындағы спорт білім интернатында білім алған. Отбасындағы жағдайға байланысты қайтып келген", - деп айтты Гүлсара Исағұлова. Оның берген мәліметінше, қазір күдікті бала үйқамаққа шығарылған. "Сотқа дейін 10 сәуір түнгі сағат 12 шамасында Саты ауылындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы өз үйінің ауласындағы мал қорада асылып, қайтыс болған. Ол 31 арнадан сыныптасының қайтыс болғаны туралы хабарды көреді де, аулаға шығып, әкесіне «малға шөп салып келемін» дейді. Кейін баласы кешіккеннен кейін анасы артынан шығып, оның асылып қалғанын көреді", - деді Білім басқармасы басшысының орынбасары. Сөзінше, қайтыс болған екі жасөспірім де толық отбасының балалары. Екеуі де лицейде жақсы оқыған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты