"Кейінгі екі жылда банктерде 14,6 млрд теңгеге жалған несие берілген", - депутат

Екі жылда банктерде 14,6 млрд теңгеге 7,8 мың жалған несие рәсімделген. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде кредит беру кезінде тәуекелдерді азайтуға арналған заң жобасының таныстырылымында депутат Мәди Такиев айтты, деп хабарлайды Kazinform.«Осы заң жобасы аясын кредит бойынша алаяқтыққа тосқауыл қою тетіктері қарастырылған. Қаржылық алаяқтықпен байланысты қылмыстардың саны өсті. Кейінгі екі жылда банктерде 14,6 млрд теңгеге 7,8 мың жалған несие рәсімделген. Сонымен бірге, заңсыз несиелердің 6,5 мыңға жуығы немесе 82 пайызы алаяқтардың ықпалымен банктік мобильді қосымшалар арқылы берілген», - деді М. Такиев. Мәжіліс қарауына енгізілген осы заң жобасында кредит алудан алдын ала және ресми түрде бас тартқан қазақстандықтарды алаяқтар рәсімдеген қарыздан босату туралы норма қамтылған. «Адамдар кредит алуға өтінім бермесе де, оның атына бөтен біреу несие рәсімдеп жатқан оқиғалар кездесіп жатады. Кейін осы адам шын мәнінде кредит қаражатын алмағанын дәлелдеп әуреге түсетін. Яғни, несие алу үшін банк ғимаратына да бармағанын айтып жатады. Қазір ұсынылып жатқан заң жобасында арнайы тармақ енгізілуде. Оның аясында адамдар eGov.kz жүйесі арқылы несие рәсімдеуден алдын ала бас тарта алады», - деді депутат Берік Бейсенғалиев. Мәжіліс депутатының сөзіне қарағанда, егер адамдар кредиттен ресми түрде бас тартса, онда бұл адам алаяқтардың тұзағына түспейді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Көлікті дұрыс қыздыру маңызды
Білім мен инновацияға негізделген экономика құру қажет
Жаңа жыл қарсаңында Қарағанды облысында қылқан жапырақты ағаштарды қорғау күшейтілді
Полиция мереке қарсаңында күшейтілген қызмет режиміне көшеді
Қаржылық сауат балабақшадан басталады
Сырты бүтін» кітабының тұсаукесері өтті
Ақтауда жасөспірімдер жағажайдағы қоршауды қиратқан
Екібастұзда құбыр жарылып, 10 жастағы бала күйіп қалды (ВИДЕО)
Жоғары аудиторлық палатаның есебі тыңдалды
Жыл басынан бері Астанаға миллионнан астам турист келді
Білім мен инновацияға негізделген экономика құру қажет
Астанада көшенің ортасында көлік өртке оранды
Алматыда демалыс күндерінің жәрмеңкелері модернизацияланды
85 млн теңге қарызы көлік жүргізушісі ұсталды
Үйде еркектің билігі әлсірегенде ене ұлын қызғанып, келінге күн көрсетпейді - Мұхамеджан Тазабек
«Мұндай нәрсені жауыма да тілемеймін»: бостандыққа шыққан актер жантебірентер жазба жариялады
Садраддин, Науатбек Ақмарал: Тағы кімдер «Дарын» жастар сыйлығының иегері атанды (ВИДЕО)
Жаһандану жағдайында білім беру бағдарламаларын жобалау
"Алданып қалмаңыздар!": Ұлттық банк маңызды мәлімдеме жасады
Жаңа жыл қарсаңында Қарағанды облысында қылқан жапырақты ағаштарды қорғау күшейтілді
Бас бапкер Азия чемпионаты туралы: Екі салмақ дәрежесіндегі нәтижемен келіспейміз
Көлікті дұрыс қыздыру маңызды
Қабырғасы пластик фольгамен қапталған: есірткі өсірген қызылордалық 12 жылға сотталды
Әлем бойынша Whatsapp, Facebook және Instagram желілері істен шықты