Кезектен тыс Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауына 793 халықаралық байқаушы аккредиттелді. Олар 41 мемлекеттен келеді. Түрлі дипломатиялық миссия басшылары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері елімізде өтетін саяси науқанға қатысты ойларын ортаға салып, әзірлік жұмыстары пысықталды. Орталық сайлау коммисиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров халықаралық байқаушылар үшін сайлауға дайындық және оны өткізу барысын толыққанды бақылау үшін барлық жағдай жасалғанын мәлімдеді. Сайлау күні Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, ТМД, Түркі мемлекеттері, ТҮРКПА, Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен өзге де шетелдік ұйымдардан байқаушылар бақылайды.Джун ЯМАДА, ЖАПОНИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ: Қазақстандағы сайлау науқаны елдеріңіздің демократиялық даму жолындағы кезекті қадамы деп түсінемін. Бүгін, шетелдің дипломаттармен халықаралық ұйым өкілдерін арнайы брифинг өткізіп, сайлауға дайындық барысы кеңінен айтылды. Бұның өзі көп елде болмайтын ерекше дәстүр.