Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинау акциясына Алматы қаласы бойынша «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдігі қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.Алматы қаласы Ассамблея жастары үлкен көлемдегі киім-кешек берді. Сондай-ақ Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы Қазақстан халқы Ассамблеясының су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша, азық-түлік жеткізуге бағытталған гуманитарлық көмекке «Жүректен жүрекке» акциясына қатысып, 3500 кг азық қосты. Бұл акцияға Алматы қаласы мәслихатының депутаты Елена Бакарасова да қатысты. Ол Су басқан үйлерді қалпына келтіру үшін 1000кг құрылыс материалдарын қамтамасыз етті. Еліміздегі дүнген этномәдени орталығы да акцияға атсалысып, 4.100.000 теңге көлемінде азақ-түлік пен киім, төсеніштер жөнелтті. Бұл акциядан әзербайджан, ауған, өзбек ұлтының этномәдени орталықтары да тыс қалған жоқ.