Қазақстан Халық партиясының республикалық үгіт-насихат штабының мүшелері Өскеменде тау-кен металлургия кәсіпорындарын аралап, еңбек ұжымдарымен кездесті.Өскеменнің тау-кен металлургиясы - аймақтың экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші. Ұйым төрағасы Ермұхамет Ертісбаев кеншілердің тілегін тыңдап, сайлауалды тұғырнаманың негізгі тұстарын түсіндірді. Сондай-ақ үгіт-насихат тобының мүшелері Ішкі істер министрлігінің жергілікті ауруханасына барды. Мекемеде облыстағы құзырлы органдардың бес мыңнан астам қызметкері ем қабылдайды. Сапар аясында кандидаттар жергілікті су электр станциясында да болды. Кәсіпорын өндірілген энергияны республикалық желілерге жібереді. Штаб мүшелері мекеменің техникалық жай-күйін өз көздерімен көріп, жұмысшылармен тілдесті. Ермұхамет ЕРТІСБАЕВ, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ: Шығыс Қазақстан облысында үлкен еңбек ұжымдарымен кездесу өткізудеміз. Өскемен Су Электр Станциясы солардың бірі. Осынау алып нысан 70 жыл бұрын халықтың күшімен салынған. Әлі күнге дейін ел игілігіне қолданылуда. Жалпы осы өңірдегі қызметкерлердің еңбек жағдаймен танысып, оларды алаңдатқан түрлі сұрақтар бойынша пікір алмастық. Екі күн ішінде 7-8 мекемеде болдық.