Қазақстан Халық партиясының Республикалық штабының мүшелері өңірлерде өз жұмысын жалғастырып жатыр. Келесі аймақ Өскемен болды.Өскеменде өнеркәсіп ерекше қарқынмен дамуда. Өндірістік қуаттылығы, өнім түрлерінің көптігі бойынша Үлбі металлургия зауыты -көшбасшылар қатарында. Осы азаматтардың қолымен байланыс құралдары, ғарыш, медицинада қолданылатын бериллий, тантал, ниоби сынды өнімдер әзірленеді. Саяси ұйым өкілдері 70 жылдық тарихы бар компанияның еңбек ұжымымен жүздесті. Партияның сайлауалды бағдарламасында тау-кен металлургиялық кешенін жетілдіру бағытында бастамалар көтерілген. Жиналғандарға соның жай-жапсары баяндалды. Өндірістегі мамандардың да алуан пікірі тыңдалып, көкейіндегі сұрақтарға жауап берілді. Қоғамдық бірлестік саяси науқан аясында үш мыңға жуық іс-шара өткізуді жоспарлап отыр. Шыңғыс ЕРСОВЕТОВ, ҚХП РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШТАБЫНЫҢ МҮШЕСІ: Үлбі металлургия зауыты қала үшін, облыс үшін өте орны бөлек. Бұл ұжымда мыңдаған адамдар жұмыс жасайды. Біздің ойымызша өнеркәсіпті дамыту, еңбек қауіпсіздігін жетілдіру ел үшін, Қазақстан республикасы үшін маңызды бір мақсат болуы керек.