Киберқылмыскерлер қазақстандықтардың есепшотынан 65 млн теңге жымқырған

Шымкентте қазақстандықтардың есепшотынан 65 млн теңгеден астам қаражат жымқырған киберқылмыстық топ сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.Тергеу амалдары интернет алаяқтардың құрбаны болған қала тұрғынының арызынан басталды. Банктің жалған қызметкерлеріне сенген азамат 4 млн теңгесінен айырылған. "Банкирлер" белгісіз нөмірден қоңырау шалып, оның қаржысына қол сұғу ықтималдығы туралы хабарлап, ақшасын сақтап қалу үшін телефон арқылы бірнеше онлайн операцияларды орындауын сұрады. Осылайша, қала тұрғыны екі несие рәсімдеп, оларды "қауіпсіз" шоттарға аударған. Тергеушілер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Іздестіру шараларына қалалық полиция департаментінің киберқылмыспен күрес жөніндегі арнайы тобы жұмылдырылды. Атқарылған бірқатар жедел жұмыстар күдіктілердің ізіне түсуге мүмкіндік берді. Қылмысты бүкіл ел бойынша әрекет еткен алаяқ топ жасағаны белгілі болды. Шымкенттік 6 тұрғын жарты жылда 27 қазақстандықтың 65 млн теңгеден астам қаражатын қолды еткен. Зардап шеккендердің арасында Астана, Алматы, Петропавл, Көкшетау, Орал, Қарағанды ​​және басқа да аймақтардың тұрғындары бар. Полицейлер қылмыстық топтың 4 мүшесін мегаполис пен Түркістан облысының аумағында ұстаса, қалған 2-уі халықаралық іздеу нәтижесінде Ресейден табылды. Тергеу барысында олардың әрқайсысының өз міндеті болғаны анықталды.Біреуі көшбасшы рөлін атқарды және тапсырмалар беріп отырған, басқалары "дропперлерді " тапса, ал қалғаны түскен қаражатты банкоматтардан шешіп алумен айналысқан. Полиция қылмыстық істің томдарын барлық дәлелдермен сотқа жіберді. Сот үкімімен алаяқтар үш жылдан төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Мемлекет басшысы ел халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қырғызстанда із-түзсіз кеткен қазақстандық іздестіріп жатыр: 16 желтоқсан 2024, 10:14 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Алматыны қалың қар басты
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Талғар қаласының жаңа әкімі сайланды
Қазақстан әлемдегі үздік ондыққа кірді
Желтоқсан – Тәуелсіздігіміздің ұлы рухы
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай гүл қою рәсімі өтті
Алматы әкімі Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды
Тәуелсіздік – әрбір қазақстандықтың өміріндегі маңызды құндылық
Тәуелсіздік күні – әрбір қазақстандық үшін ерекше дата
Тәуелсіздік – бейбітшілік пен бірліктің бастауы!
Бүгін қазақтың бұлбұлының туған күні!
Нұрдәулет Ақыш, филология ғылымының докторы: Тұғырлы тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Әлімжан Хамраев, ҚХА мүшесі: Тәуелсіздіктің мән-маңызы жоғары
Бибігүл Төлегенова елімізге бейбіт өмір мен жарқын болашақ тіледі
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндет
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндетіміз!
Еліміздің 19 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Тәуелсіздік – ең асыл мұратымыз
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Тәуелсіздік – баға жетпес байлық
Солтүстік Қазақстан тұрғыны мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен