Қиғаш өзенінің іргесіндегі Бөкейхан ауылының халқы иін ағашпен су тасып жүр

Атырау облысы тұрғындары өзен суын иін ағашпен тасып ішіп отыр. Құрманғазы ауданындағы Ресеймен шекаралас Бөкейхан ауылы халқы «билік таза тіршілік нәрін тартып береміз деп уәде еткеніне 20 жылдан асты» дейді. Бірақ әлі күнге жағадағы батпақты кешіп, шелектеп су таситындарын айтады. Қаладан 300 шақырым қашықтағы ауыл тұрғындарының шағымын тілшіміз Базаргүл Нәдірқызы тыңдады.Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Мынадай иін ағаштың не екенін көпшілік білмеуі мүмкін. Бұл – Бөкейхан ауылы тұрғындары үшін таптырмас су таситын құрал. Көлігі жоқтар осылай екі шелекті иыққа салып су тасиды. Ресеймен шекарадағы Бөкейхан ауылының іргесінде Қиғаш өзені ағып жатыр. Жергілікті билік қол созым жерден 20 жыл бойы ауыз су тартып бермей отыр дейді тұрғындар. Еламан ЕРТАЕВ, БӨКЕЙХАН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Су келген кезде Қиғаш өзенінен қорғанып судан бөгет саламыз. Сол су біздің аузымызға жетпей отыр қазір. Басқа ауданда 19 округ бар. Сол 19 округтың бәрінде су бар. Жеке қожалықтың бір водовозы бар, соның тілеуін тілеп отырмыз. Бұзылмаса екен деп. Сол әкеліп, 3 мыңнан су құяды. Болат ТҮСІПҚАЛИЕВ, БӨКЕЙХАН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 21 жыл болды. 2002де «Ақбұлақ» бастағанда осыны басталды содан. 2 жыл ма, 3 жыл ма, тұрба ұрланды, қазылды. Сонымен қалып қойды. Соңғы кезде Қиғаш өзені қайтып кетуіне байлансты 50 метр жер батпақ. Сол батпақтан барып аласың. Басқа жағдай жоқ. Шалғайдағы жұртты алаңдатқаны – жобаны бір емес бірнеше рет өзгертіп, уақыт созуы. Осылайша бөлінген қаржының сайда санын, құмда ізін таппай, ауыз сусыз қаламыз ба деп қауіптенеді. Якоб ИСМАҒҰЛОВ, БӨКЕЙХАН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 2017 не 18 жылы 517 млн ақша бөлінді. Аудан әкімі Бибоз Шаяхметов сол кісі келіп, акиматтың конторында осындай ақша бөлінді су тартылады деп мәселені шештік. Вышканы жоғарыдан салуға. Бибоз да жоқ, ақша а жоқ. Су да жоқ. Қайда кетті ол ақша? Шекарадағы ауылда 400 түтін бар, екі мыңға жуық халық тұрады. Бір отбасы 3 мың теңгеден бір айда 3-4 рет құдыққа су құйғызады. Ал су тазарту сүзгісін күнара ауыстыратынын айтады. Аудан басшылығы болса, әдеттегі жауаптан жаңылмады – «жоба түзетуде жатыр». Марат АСАНОВ, ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Көшеге асфальт түсуіне байланысты келесі көшеге тарту үшін мүміндік жоқ. Жоба асфальт бұрын қаралмаған. Сол асфальттан келесі көшеге өткізу үшін жобаға коректировка енгізіліп, құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жобаға корректировкаға енгіздік. Құны 700 млн теңге тұратын жоба осылайша әзірге тоқтап тұр. Қазылған құдықтар қоршаусыз, ашық-тесік жатыр. Билік өкілдері келер жылдың аяғында ғана халыққа су берілетінін ашық айтты. Тағы да түзету болмаса, әрине.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
«Қайрат» алғашқы оқу-жаттығу жиынын Алматыда бастайды
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
ТЖМ құтқарушылары балаларға көмекке келді
Әйел адам түрмедегі ұлына шұжық ішіне телефон жасырып өткізбек болған
Әділбек Мусин Әлем чемпионатында ел рекордын жаңартты
Ресми: Астанада Лос-Анджелес Олимпиадасы алдында бокстан әлем чемпионаты өтеді
Роза Рымбаева Абай облысының Құрметті азаматы атанды
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Астанадағы әскери оқу орнына Оман Сұлтандығының делегациясы келді
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Астана-Бурабай бағытында жаңа туристік электр пойызы іске қосылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Роналдудың бағасы құлады. Бірақ бұған әр клубтың қалтасы көтере бермейді
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Президент тапсырмасы: Жас ғалымдарға пәтер берілді
Павлодар облысында полицейлер инсульт алған әйелді құтқарды