Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында Жанар-жағармай бекетінің тұсында Түрік елінде тіркеуде тұрған «Mercedes Bens» көлігінің (фура) тіркемесі өртенді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.Өрттен зардап шеккендер жоқ. Оны сөндіруге облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Сағыз ауылының №12 Өрт сөндіру бөлімінен 12 қызметкер мен екі техника жұмылдырылды. Бұл туралы аталған департаменттің Қоғаммен байланыс тобы мәлім етті. Өкініштісі, бүгінде жүргізушілер өрт қауіпсіздігін сақтамайды. Биыл жыл басынан бері аймақта 12 көлік өрті тіркеліп отыр. Көбінесе, "тілсіз жау" электр сымдарының қысқаша тұйықталуынан тұтанады."Автокөліктеріңізді дер кезінде техникалық байқаудан өткізгеніңіз дұрыс; үнемі дұрыстығын қадағалаңыз, әсіресе, электрсымдарға назар аударыңыз; өзіңізбен бірге әрқашанда өрт сөндіргіш құралы болсын, оны қолжетімді жерде ұстаңыз; көлігіңіз өртенген жағдайда оны оқтатып, өрт сөндіргіш құралын от ошағына жақындатып шашыңыз; немесе әрі қарай құм мен топырақты пайдаланыңыз; техника жанып жатқан кезде мүмкіндігінше есік пен терезені ашық қалдырмаңыз; көліктің есігін мықтап жаппасаңыз, өрт шарықтап кетуі мүмкін. Төтенше жағдайлар орын алған кезде «101», «112» нөміріне хабарласыңыз!" деп ескертеді мамандар.