Кино билеті бір жылда 14 пайызға қымбаттады

Кино көретін көрерменнің қарасы күрт көбейді. Кинотеатрлардағы аншлаг сөзіміздің дәлелі. Сұраныс артқасын ба, билет бағасы қымбаттапты. Фильм тамашалауға қанша қаржы жұмсап жүрміз. Толығырақ "Экономика"топтамасында. Елімізде кино билеті бір жылда 14 пайызға қымбаттады. Орташа бағасы 2033 теңге. Осылайша, Қазақстан билет құнының арзандығы бойынша әлемде 31-ші орында тұр. Баға Шығыс Қазақстан облысында 43 процентке күрт көтерілген. Қызылордада 29, Абай облысында 25 пайызға өсті. Жыл басынан бері көрермен шамамен 25 млрд теңгесін жұмсаған. Қант қат болып, жаға жыртысқан кезді ұмытқан жоқпыз. Барлығы тапшылықтан туындаған еді. Соған қарамастан биыл құмшекер 30 пайызға аз өндіріліпті. Өткен жылғы жағдай қайталанбай ма? Мамандар биыл 204 мың тонна шикі құрақ немесе қызылша қанты өндірілгенін айтат. Өндіріс көлемінің азаюын импорт үлесінің артуымен байланыстырады. Қаңтардан бері 223 мың тоннасы шеттен келген. Өзіміз 381 мың тоннасын өндіріппіз. Елімізде көлік көбейді. Тиісінше жол апаты да жиі болады. Оған көз үйренгендей. Жүргізушілер бірден шығынды өтеу үшін сақтандыру компанияларына жүгінеді. Себебі көліктің барлығы сақтандыруға міндеттелген. Апат айтып келмейді. Сондықтан сақтануды жөн көретіндер көбейіп келеді. Өткен жылмен салыстырғанда 34 пайызға артқан. Қалтаңызда қаражатыңыз болса, өміріңізді, мүлікіңізді де сақтандыра аласыз. Тіпті шоттағы депозитті, бағалы қағазды, несиені, ипотеканы да сақтандыруға болады. Егер ойламаған жерден қайтыс болып кетсе, мұрагерлері қиналмайды. Шығынды компания өтейді. Жалпы биыл жеке және заңды тұлғалар мен сақтандыру компаниялары арасында 14 мыңға жуық шарт жасалған. Сақтандыру компаниялары жыл басынан бері 196 млрд теңге пайда тапқан.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Челси» бүгін қай құраммен ойнайды?
Ақмолада аурухана бухгалтері 10 млн теңге жымқырған
Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі 
COVID-19 вирусы күллі әлем бойынша жеті млн-нан аса адамның өмірін жалмаған
Алматыда танымал дзюдошы Асхат Жіткеев сотталғандармен кездесті
Қазақ боксы өзбектен бір саты төмен тұр
Отандық дизайнер алматылық жастарға қолдау көрсетуде
Наурызбай ауданы қалай өзгеруде: аулаларды абаттандырудан бастап замануи жаяу жүргіншілер аймақтарына дейін
Өмірдің мәні неде?
Енді су үнемдейтін технологияларды пайдаланатын дихандар суармалы суға аз төлейді
Пластиктен сабын жасауға болады
Асату...
Теңгеден күш кетті...
Масктың байлығы 400 миллиард доллардан асты!
Алматыда «Экологиядағы инклюзия – Жаңа жылдық ғажайып» акциясы жалғасуда
Электрондық еңбек биржасында белсенділік төмендеген
Алматыда 12 желтоқсанда Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінде қозғалыс шектеледі
Қуысқа қыстырылып қалған тиін...
Астаналық әйел Жұлдыз Әбдікәрімованы сотқа берді
Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі 
Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
Алматы әкімдігінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау алдын ала қорытындыланды
Ұлттық банк алаяқтар туралы айтты
"Дарын" жастар сыйлығы жеңімпаздарының тізімі жарияланды