Қазір киізден жасалған бұйымдарға сұраныс жоғары. Бұрын тек көрменің төрінде тұратын бұл заттарды бүгінде күнделікті тұрмыста қолданғысы келетіндердің қатары артқан. Оралдық қолөнер шеберлері осылай дейді. Ұлттық өнерді өрге сүйреп жүрген шеберлердің айтуынша, жұрт киізден жасалған бас киім, аяқ киімдермен қатар, киіз кәжекей, сөмке секілді аксессуарларға жиі қызығушылық танытады. Сондықтан олар көрме ұйымдастырыпы, келген қонақтарға шеберлік сағатын өткізді. Киіз басып, сырмақ тоқудың әдісін үйретті.Әлия БЕГІЛОВА, ДИЗАЙНЕР: Барлығы да үлкен еңбекпен дүниеге келген нәрселер ғой. Барлығы да жақсы. Дегенмен өзім киім дизайны болғаннан кейін жібек матаға киізді үстінен басып орнату техникасы арқылы дайындалған шапан бар. Сол өзіме қатты ұнады. Бұл бұйымдардың барлығы қой жүнінен басылған. Қолөнер шеберлерінің айтуынша, киіздің адам денсаулығына пайдасы зор. Өйткені еш қоспасы жоқ, таза табиғи өнімдер. Айнагүл ХАЛЫҚҚЫЗЫ, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ: Жүн талшығы - тірі талшық. Қылшықты жүннің пайдасы денені тітіркендіреді. Соның арқасында қан айналымы жақсарады да, ол денсаулыққа кәдімгідей, көптеген ауруды емдеуге болады. Қыздарымның тамағы ауырады, мырқырап келеді, суық тигенде тұмауратып келеді. Сондай кезде үйде бірнеше тәпішкеміз бар. Соны таласып киіп алып жатады. Тоңып келгенде анау кәдімгідей жылытады.