Қазақстан Халық Партия мүшелері Алматыда сайлауалды кездесуін жалғастыруда. Бұл жолы кандидаттар «Алматы бас жоспары» ұйымының сәулетшілерімен жолықты.2009 жылы құрылған мекеме тұрғын үйлер мен бизнес-орталықтар, мәдениет пен спорт нысандары, демалыс орындарының ғимараттарын жобалаумен айналысады. Партиялықтар сәулетшілерге өз тұғырнамасын түсіндіріп, мегаполистің дамуына қатысты сұрақтарды талқылады. Халық партиясы саяси науқан басталғалы Алматыда 200-ден астам кездесу ұйымдастырған. Тұрар РЫСҚҰЛОВ, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ» ҚБ МҮШЕСІ: Алғашқы кездесулеріміз кәсіпкерлермен орын алды. Содан кейін біз де дәрігерлермен, мұғалімдермен және байкерлермен де кездесу болған. Сондай-ақ спорттық марафон өткен болатын, ол жерде спортшылардың арасында үгіт-насихат жүргізіп, сайлауалды бағдарламамызбен таныстырған болатынбыз.