Қазақстан Халық партиясы 70 жылдық тарихы бар құрылыс компаниясында болып, кездесу ұйымдастырды.Алматыдағы кәсіпорын көпір және су өткелдеріне қажетті темірбетон конструкцияларын шығарумен айналысады. Бұл өнімдер Ресей, Беларусь сынды көрші елдер арасында үлкен сұранысқа ие. Партия өкілдері еңбек ұжымын тұғырнамамен таныстырып, мамандардың ұсыныс-тілектерін тыңдады. Сонымен қатар кандиттар зағип жандар мен нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада болды. Мәдениет ошағының үш мыңға жуық оқырманы бар. Жаңаби ҚОЖАХМЕТОВ, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ» ҚБ МҮШЕСІ: Біздің мақсатымыз - қаланың барлық сала өкілдерін қамту. Алдағы жоспарда- университет, колледж студенттерімен кездесу, аурухана дәрігерлері медбикелермен кездесу. Осы күнге дейін қалада 10 мыңнан астам халықпен 130 астам кездесу өткізілді.