Клиникалар екі жастан бастап баланың жынысын өзгертеді – фейк

Instagram-да екі жастан асқан балаларға жынысын ауыстыру операциясын жасауға дайын клиникалар бар екендігі туралы ақпарат жарияланды. Онда мұндай жағдайға баланың ойыншық таңдауы және мінез-құлқы себеп болуы мүмкін екені айтылған. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды деп хабарлайды, ҚазАқпарат stopfake.kz-ке сілтеме жасап. Хабарламаға сәйкес, АҚШ-тағы клиникалар, мысалы, екі жасар қыз қуыршақ емес, машиналармен ойнайтын болса немесе ер бала оған тән емес ойыншықтарды таңдаса, баланың жынысын өзгертеді. Постта екі жастан төрт жасқа дейінгі балаларға ота жасауға дайын екі мекеме аталады: Дьюк клиникасы және Солтүстік Каролина университетінің клиникасы. Сондай-ақ ECU Health клиникалар желісі де көрсетілген. Аталған ауруханалардың барлығы Солтүстік Каролинада орналасқан, сәйкесінше осы штаттың заңдарына бағынады. Оған сәйкес, 18 жасқа толмаған адамдарға жынысын ауыстыру бойынша операция жасалмайды. Дьюк клиникасының сайтында да дәл осылай жазылған. Клиникада гендерлік дисфориясы бар 18 жасқа дейінгі балаларға хирургиялық араласуды қажет етпейтін консультациялық және басқа да көмек көрсетіледі. Солтүстік Каролина университетінің клиникасының сайттарында және ECU Health клиникалар желісінде балалардың жынысын ауыстыру операциялары туралы ақпарат жоқ. Бұған дейін Associated Press порталының фактчекерлері Солтүстік Каролинада екі жасар балалардың жынысын өзгертуге дайын клиникалар бар деген хабарламаларды жоққа шығарған. Демек, таралған ақпарат шындыққа жанаспайды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
Омбы-Майқапшағай трассасында жол апаты болды
Соғым FEST: Астанада өткен жәрмеңкеде фермерлер 100 тоннадан аса ет ұсынды
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
Алакөлде қар құрсауынан 6 адам құтқарылды
Марқұм Шерзаттың ағасы көз жұмды, әкесі қамауда отыр. Енді не болмақ?
Абай облысында полицей өртенген үйден әйел адамды құтқарып қалды
Абай облысында екпіні күшті желден жүк көлігінің тіркемесі аударып қалды: 15 желтоқсан 2024, 10:22 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
«Бурабай» ұлттық паркіне кіру тәртібі өзгерді
Абай облысында екпіні күшті жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Бүгін – Қазақстан энергетиктері өздерінің кәсіби мерекесі
«Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсының қорытындысын жариялады
Қазақстанда кейбір жол учаскелеріндегі көлік қозғалысы қалпына келді
Қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы беделді ат жарысында жеңіске жетті (ВИДЕО)
Көктайғақ, бұрқасын: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Ақтау маңында жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Талғат Жайлауов кезекті рет "Барысқа" оралады
Түркістанда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында үш медициналық нысан ашылды
Шығыс Қазақстан облысында аспалы жолдың тросы үзіліп кетті
Абай облысында 28 отбасы қоныс тойын тойлады
Орташа жылдамдық айыппұлын салмас үшін не істеу керек?
Омбы-Майқапшағай трассасында жол апаты болды
Бүгінгі валюта бағамы қандай