Гидротехникалық нысандарды салуға Мемлекет басшысының тапсырмасымен 140 млрд теңге бөлінген. Енді Қаржылық мониторинг агенттігі осы қаржының қайда жұмсалып жатқанын тексереді. Қазірдің өзінде 4 іс қозғалған. 5 күдікті анықталды. Алдын ала есеп бойынша залалдың жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асты. Бұл қаражат гидроқұрылыс нысандарының қызметін қамтамасыз етуге бөлінген. Сондай-ақ агенттік азық-түлік, ауыз су, дәрі-дәрмек және басқа да қажетті заттардың бағасына мониторинг жүргізеді. Дмитрий МАЛАХОВ, ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГІ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Агенттіктің аумақтық департаменттерінің басшылары мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілерінің қызметіне араласпай, бөгеттер, су бұру объектілерін салу, сондай-ақ өзен арналарын тереңдету үшін ақшаны ұтымды пайдалануды зерделеуі қажет.