ҚМДБ Палестинадағы қантөгіске қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 20 қазан күні Палестина мен Израиль арасындағы қарулы қақтығысқа қатысты мәлімдеме жасап, тараптарды бейбіт келісімге келуге және қантөгісті шұғыл тоқтатып, халыққа зарар келтірмеуге шақырды.Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ислам дініндегі қасиетті үшінші мекен саналатын Құдыс жерінде болып жатқан қантөгіске қатты алаңдаушылық білдіреді және қаншама жылдан бері шешімін таппай келе жатқан мәселенің бейбіт жолмен, өзара ымыра аясында шешілуін тілейді. Бұл мәлімдеме Діни басқарманың ресми сайтында жарияланды. "Адамзат баласын бірлік пен игілікке шақырған пайғамбарлар ізі қалған қасиетті мекеннің бүгінде соғыс алаңына айналып, мыңдаған бейкүнә жандардың, әсіресе сәбилер мен бейбіт тұрғындардың оққа ұшып, қаза табуы баршамыздың жанымызға қатты батуда. Ауыр жарақат алып, үрей құшағында өмір сүріп отырған жандардың тез сауығып кетуін тілейміз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тараптарды бейбіт келісімге келуге және қантөгісті шұғыл тоқтатып, халыққа зарар келтірмеуге үндейді",-Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыСондай-ақ ҚМДБ Палестина халқының халықаралық келісімдер мен резолюцияларда бекітілген тарихи құқығын қолдайтынын мәлімдеді. Бұған қоса ҚМДБ өкілдері еліміздегі барша мұсылман қауымын қасиетті мекеннің тыныштығы мен амандығы үшін дұға жасауға шақырды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда «ABAI ULTTYG MEKTEBI-нің» құрылысы басталды
Қазақстанда 7300-ге жуық баланың көру қабілеті бұзылған
Ислам ипотекасы: оның шарты қандай, пайыз алмайтын банк қалай пайда көрмек
Былтыр елімізде 359 мыңға жуық адам тұрақты жұмыс тапты
Феминистерге шеру өткізуге рұқсат бермеді
Көлікті 5 минут қыздыру ережесін Әділет министрлігі қайта қарайтын болды
2024 жылы Алматы қаласының Әділет департаменті халыққа 45 828 мың мемлекеттік қызмет көрсетті
29 жастағы қазақстандық Apple басшысы болып тағайындалды
Трамптың инаугурациясына Қазақстаннан кім қатысады?
Кешіккен тапсырыстар: Алматыда Қытайдан келген тауарлар қоймадан ұрланған
ІІМ: Жыл басынан бері есірткі қылмыстары үшін 6 жасөспірім ұсталды
Алматы мектептерінде 600 –ден астам жасөспірім қыз вакцинацияланды
18 қаңтарда Алматы Онкологиялық орталығында ашық есік күні өтеді
Алматыда «ABAI ULTTYG MEKTEBI-нің» құрылысы басталды
AZAL ұшағының апаты: РФ Тергеу комитеті сараптама тағайындады
Астанада алты-ақ ардагер қалды: 80 жылдыққа орай әрқайсысына 8 миллион теңге берсе де болар еді
Алматыда инклюзивті кітапханалар ашылды
Алматыда ауа сапасы нашарлайды
16 қаңтарға арналған ауа райы болжамы: жаңбыр, қар және көктайғақ
40 жастағы әйел косметологиялық клиникада майын кетіремін деп мерт болды
Қызылорда облысында заңсыз қабылданған сот актілерінің күші жойылды
Алматыда Ермек Серкебаев ескерткіші ашылды
Қазақстанда жемқорлардың шетелге шығуына тыйым салатын норма қабылдануы мүмкін
Алматыда әйелдер онкогинекологқа тегін қарала алады