"Көбі аурудан". 2020 жылдан бері 270 әскери қызметші қайтыс болған

Сенат отырысы барысында бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев Қазақстан армиясындағы өлім себептері туралы статистиканы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.Қазиевтің баяндамасына сәйкес, 2020 жылдан бастап 270 қазақстандық әскери қызметші қайтыс болған. Оның ішінде 78 жауынгер 2020 жылы, 96 жауынгер 2021 жылы, 85 жауынгер 2022 жылы өмірден өткен. Биыл жыл басынан бері 11 қорғаушы қайтыс болды. Бұл ретте барлық өлімнің 36 пайызы ауруға, 24 пайызы жол-көлік оқиғаларына, 20 пайызы суицидке байланысты болған."Құқықтық статистика комитеті мәліметі бойынша, 2018-2022 жылдары елде 17 631 суицид дерегі және 21 332 суицид әрекеті тіркелген. Яғни, 10 мың азаматқа тоғыз суицид пен 11 әрекет келеді. Оның ішінде 86 суицид пен 20 әрекет әскерде болды. Яғни, алты суицид және бір әрекет 10 мың әскери қызметшіге тең келеді. Демек, армияда суицид жиі болады деген қоғамдық пікір ресми мәліметтерге сай келмейді ", - деді бас әскери прокурордың бірінші орынбасары.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Талдықорғанда қару-жарақ қоймасы табылды
ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды
АҚШ-тағы орман өртінен бес адам қаза тауып, қымбат үйлер жанып кетті (ВИДЕО)
Бактериялар Альцгеймер ауруын тудырады
Қазақстанда алаяқтар 24 миллиард теңгені жымқырған
Алматыда 2025 жылғы әлеуметтік төлемдер қалай өзгерді?
Көлік салығы толығымен алынып тасталды
Қазақстанда метапневмовирусқа байланысты карантин енгізуге негіз жоқ
Сирек кездесетін көз ауруы Алматыда сәтті емделді
Алматыда жедел жәрдем автопаркі 48 жаңа көлікпен толықты
Жұмысшы мамандықтар жылынан не күтеміз?
Қар тазалауға көліктер кедергі келтіруде
Тазалау жұмыстарына кедергі келтірмеңіздер
Қаладан 15 200 текше метрге жуық қар сыртқа шығарылды
2024 жылы полиция есірткі жеткізудің 94 ішкі арнасын жойды
2025 жылы қандай бағдарламамен үй алуға болады?
Қар да кәдеге асады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
NASA ғарышкерлері қаңтарда ашық кеңістікке екі рет шығады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Үндістандағы діни фестивальда 6 адам қаза тапты
Алдағы күндері тұрақсыз ауа райы сақталады
Алматыда дәрігерлер бірегей ота жасап, жүкті әйелді аман алып қалды
Қазақстанда айналымы 24 млрд теңгені құрайтын 6,2 мың «дроп-карта» анықталды