Қызбен қалай танысуға болады? Қазір оның түрлі тәсілі бар. Онлайн отырып, авасына әдемі фотосын қойып, көпшілігі қыздың көңілін табуға құмар. Ал бетпе-бет жүздесіп, танысып жатқандар жоқтың қасы. Бөріктілер батылдық танытпай ма? Әлде мәселе қыздарда ма? Әріптесім Дәрібек Бахытбек қыздарға қырындап, танысуға тырысып көрді.Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ: Қазір жастар әлеуметтік желі арқылы танысады. Әңгімелері жарасса ғана кездеседі. Бұрын ғаламтор болмады. Тек жүзбе жүз көргенде ғана есімін сұрайтын. Үлкендер танысу үшін сағат, мекен-жай сұрап ебін табатынбыз деп айтатын. Дәл сондай тәсілдерді қолданып көрмекпін. - Сағатыңыз қанша болды? - 12:11 - Есіміңіз кім? Танысуға бола ма? - Сәлем! Қыздар қалайсыңдар? Есіміңіз кім? - Біздің қолымыз бос емес. - Сағатыңыз қанша болды? Сізбен танысуға бола ма? Сіз үшін келіп едім осы жерге сонша жерден. - Жоқ, жігітім бар. «Таныспаймын». Бейтаныс жанға осылай деп жауап қайтаратыны белгілі. Сондықтан алдымен әңгімеге тартып көрдім. - Шашыңыз күн сияқты жарқырап тұр ғой. Күннен кейінгі әдемі сіз болып тұрсыз ғой. - Ой, рақмет! - Бұрыннан сондай әдемісіз ба? - Бұрыннан әдемімін. - Танысқым келіп тұр. - Аружан. - Қай жылғысыз? - 2005. - Кездесуге шақырайын дегем ғой сізді. - Жоқ, рақмет! Басым бос емес. - Қойыңызшы, жігітіңіз менең әдемі ма не? - Көзілдірігің күшті екен, тағып көрсем бола ма? Мә, зрения ма не? Қай жақтан алдыңыз очкиді? - Кешіріңіз ұмытып қалдым. - Есіміңіз кім? - Дильназ - Танысуға бола ма? - Жоқ. - Менің айналам қазір сұп-сұлу, жап-жарық, әдемі болып кетті. Не үшін олай болып кетті десем. Сіз күннен кейін сұлу, жып-жылы болып тұр екенсіз. Танысуға бола ма? - Ой, жоқ-жоқ. Бұл тәсілім де нәтиже бермеді. Содан тағы басқа айлаға көштім. Қызғандыруға тырыстым. - Сізбен танысуға бола ма? - Жоқ. - Онда мына қызбен таныса берем. - Таныса бер. - Не саған бәрібір ма не сонда? - Қарындас сізбен танысуға бола ма? Таныса берейін ба? Не саған бәрібір ма не Марал? Мен сені ұнатып тұрмын. - Есіміңіз кім? - Аяжан. - Қай жылғысыз? - 2005. - Танысуға бола ма сізбен? - Неге Аяжан, мына қызбен таныса салам онда. - Танысыңыз. Келіскен қыздар болды. Есімін айтты. Тіпті телефон нөмерін берді. - Инстаграмм бере аламын, иә. - Жігітім қайда қалды десей? - Танысқым келіп тұр сізбен, инстаграмм бола ма? Айтып жібересіз ба? - Өзіңіз жазасыз ба? - Есіміңіз кім? - Не үшін? - Жәй, танысқым келіп жатыр. - Маржан. - Қайдан боласыз? - Атбасар. - Оқисыз ба? - Мен оқымаймын, жұмыс істеймін. - Инстаграмыңыз осы ма? - Иә. - Нөміріңізді бола ма? Кездесуге шақырсам кешке. - Бүгін бос емеспін. - Қашан боссыз? Нөміріңізді бола ма? - Жарайды, жазыңыз. Танысу үшін жасаған бұл әрекетімді көбі шын деп ойлады. Біз оның әлеуметтік эксперимент екенін айттық. - Рақмет! Эксперимент. Камера түсіріп тұр. Жалпы қандай көңіл күйде болдыңыз? - Айта алмаймын. - Жалпы шын деп ойладыңыз ба? - Ну, да. - Көбінесе жігіттер қалай танысады сіздермен? - Тура осылай. - Көшеде таныса ма? Әлде көбінесе инстаграм ба? - Инстаграмда. Көшеде де танысатындар бар. Шашыма комплимент тастап. - Рақмет. Эксперимент камера түсіріп тұр. Машинада. Жалпы шынайы деп ойладыңыз ба? - Жоқ. - Мүлде сенген жоқсыз ба? - Айттым ғой сізге камера қайда деп. - Мүлде сенген жоқсыз. - Олай қазір жігіттер таныспайды. - Қалай танысады? - Қазір ешкіммен таныспайды ғой. Танысайықшы, танысайықшы демейді ғой. Реально. Поэтому білдім. - Тек инстаграмда жаза ма? - Иә. - Қалай танысады? - Жоқ, көбінесе былай жолда таныспаймын негізі. - Қандай көңіл-күйде болдыңыз? - Ешқандай. Ондай қатты көңіл күй болған жоқ. Просто түсінбей қалдым. - Жалпы әлеуметтік желіде танысасыздар көп. - Иә, негізі көбінесе. - Рақмет. Танысудың түрі, жарысымды жұп болудың жолы көп. Бейтаныс жанмен тілдесе кету қауіпті. Бірі осыны себеп қылса, енді бірі қазіргі тренд емес дейді.