Күшті мемлекет мықты азаматтық қоғамнан басталады. Мәжілісте «Қоғамдық бақылау» туралы заң қабылданды. «AMANAT» партиясы фракциясының депутаттары ұсынған заң жобасы мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың ашықтық дәрежесін кеңейтіп, азаматтардың қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған.Енді еліміздің әрбір тұрғыны мемлекет қаражатының іске асу барысын қадағалап,тексеруіне мүмкіндігі болады. Заң жобасында петициялар институты да енгізіліп отыр. Яғни 50 мың адам қол қойған мәселені мемлекет органы қарауға міндетті. Ал ата-ана әскердегі баласының жағдайы мен әскери шенділердің қызметі, әскери бөлімдер мен оқу орындарына барып жағдайымен танысуға жол ашылады. Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Қоғамдық бақылау туралы» заң - Мемлекет басшысының реформаларын іс жүзінде жүзеге асырудағы тағы бір маңызды қадам. Олардың басты ұстанымы – азаматтарға ел өміріне еркін араласу үшін жаңа және тең мүмкіндіктер беру. Қоғамдық бақылау қоғамның нақты қажеттіліктеріне негізделген барлық деңгейдегі мемлекеттік құрылымдар жұмысының ашықтығын арттыра түседі. Заңның қабылдануы, ең алдымен, азаматтық қоғам институттарына деген жоғары сенімді білдіреді. Сондықтан барша белсенді азаматты осы мүмкіндікті жіберіп алмай, жаңа заңды Мемлекет басшысы қол қойғаннан кейін мұқият зерделеп, заңды құқықтарын ел мен халықтың игілігі үшін пайдалануға шақырамын. Заң-халықтың талап-тілегіне толық сай келеді. Өйткені талқылау барысында өңір жұртшылығымен кездесуде көтерілген түйткілдер мен ұсыныс түгел қамтылды. Екі жылға жуық жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде заң жобасының Үкімет ұсынған нұсқасы жетілдіріліп, 164 түзету енгізілді. Заң жобасы Президент реформаларымен толық үндесіп отыр. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Бұндай заң жобалары, бұндай талқылаулар біздің болашақ еліміздің өркендеуіне үлкен пайдасы тиеді деп сенемін, есептеймін. Осындай өзгерістер халықтың мұң-мұқтажын, халықтың мәселелерін тыңдап, билікке деген сенімді арттырады деген сенімдемін. - Бұқара мен билік арасындағы бір-бірімен байланысты күшейтетін заң деп білеміз. Қазіргі таңда петициялар институты енгізіліп отыр. яғни, 50 мың адам қол қойса мемлекеттік органдар сол мәселені толық бақылауға, қадағалауға алады. Жол картасында көрсетілген жұмыстардың дер кезінде орындалуы Шымкент қаласы мәслихатының депутаттарының жіті назарында. Халық қалаулыларына белгіленіп берген нысандардың қатарында «Металлург» стадионы бар. Нысан құрылысы басталғаннан партия бақылауында. Айта кетейік, спорт кешені өткен ғасырдың 70-ші жылдары салынған және 2017 жылы әкімдік балансына өткен. Стадионда құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталған. Далер КАМИЛОВ, СПОРТШЫ: Стадионда трибунасы бар. Алаңдар соғыла берсін.Газоын жақсы.Кәдімгідей бутсымен ойнауға әрбір футболшының арманы.Таста ойнағанша осындай сатдиондар соғылып, жақсы алаңда жақсы футбол көрсетуге лайықтымыз. Қоғам белсенділері мен партия өкілдері алматылық Азизаға да қол ұшын созды. Жасөспірім сирек кездесетін дертке шалдыққан. Еміне шипа болар дәріні шетелден алдыртады. Қаршадай қызға «Аманат» партиясының қалалық филиалы көп көмек көрсетіп отыр. Рано ШАЙМАРДАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Ол өте қымбат дәрі болып шықты, бір бумасы 350-500 мыңнан басталады, тек шетелден алдырту керек екен. Ал оны ай сайын ішпесе қызымның өміріне үлкен қауіп тиіп тұрады. Мені осы жолда қолдаған жалғыз Аманат партиясы болды. Ең бірінші аналогтардың көмектеспейтінін растауға атсалысты. Содан олар дәріні алдыртуға көмектесіп, жыл сайын өтініш беруге бірге жүреді. Заң жобасына сәйкес енді ел тұрғындары экологиялық бақылауға да атсалысады. Қоғамдық бақылау құзіретін белсенді азаматтар мен коммерциялық емес ұйымдар жүргізе алады. Олар мемлекеттік органдар, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер, квазимемлекеттік сектор, дербес білім беру ұйымдарының қызметін қадағалауға қақылы.