Қазақстанда петиция ұғымы заңға енгізіледі. Бүгін сенат қоғамдық бақылау туралы заңды мақұлдады. Енді 50 мыңнан астам қол жинаған халықтық петициялар үкімет деңгейінде қаралады. Тұрғындар оны арнайы интернет портал арқылы бере алады. Қос тараптың да құқықтары мен міндеттері заңда нақты жазылған. Уәкілетті орган петиция жария болғанша оның заңда бекітілген шарттарға сәйкестігін анықтайды. Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Халықтың көкейіндегі мәселелерді мемлекеттік органдарға тұрақты түрде жеткізудің заңдстырылған қосымша тетіктері қалыптасады. Бұл өз кезегінде азаматтарымыздың мемлекетік басқару институттарына деген сенімін арттырып, еліміздің дамуына оң ықпал етеді деп сенемін.