Қоғамдық орында айтылған балағат сөз үшін салынатын айыппұл көлемі өсті

Бүгіннен бастап қазақстандықтар қоғамдық орында айтылған балағат сөз үшін төрт есе артығымен айыппұл төлейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қоғамдық орында балағат сөз айту Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексінде «ұсақ бұзақылық» санатына жатады. Сондай-ақ, ұсақ бұзақылық қатарына жеке тұлғаларды қорлау және оларға қысым көрсету, ғимараттарға, құрылыстарға, тұрғын үй-жайларға, ортақ пайдалану орындарына, көліктегі және қоғамдық орындардағы мүлікке нұқсан келтіру, айналаға құрметсіздік білдіретін, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын жайттар жатады. Сонымен Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бұған дейін сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 АЕК (17 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салатын немесе 15 тәулікке дейін қамауға алатын еді. Ал бүгіннен бастап айыппұл 20 АЕК (69 000 теңге) құрайды, қамауға алу 5-тен 30 тәулікке дейін ұзарады. «Соңғы жылдары бөтеннің мүлкіне, оның ішінде азаматтар ортақ пайдаланатын заттарға қасақана зақым келтіру фактілері жиіледі. Сіздер өмірде кіреберістердегі зақымдалған лифттер, айналасы сынған, түймелері өртенген, түрлі жазумен бүлдірген фактілерге тап болған шығарсыздар. Көбіне мұндай әрекетті адамдар қасақана жасайды. Яғни, олар саналы түрде басқаның мүлкін бүлдіреді», - деген еді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының міндетін атқарушы Азамат Құрымбаев министрліктің апталық брифингінде. Оның айтуынша, залал мөлшері оған жетпеген жағдайда азаматтар өздері дәлел жинау, олардың жүрген жерін білу сияқты мәселелермен айналысады. Өйткені залалды өтеу азаматтық-құқықтық алаңда шешіледі. Еске салсақ, биыл 3 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне экологиялық құқықбұзушылықтар мен вандализм көріністері үшін жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» және «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне экологиялық құқықбұзушылықтар мен вандализм көріністері үшін жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
ТЖМ: Ұшақтың конструкцияларын бөлшектеу жұмыстары жалғасуда
Магистратура грантын иеленгендердің тізім жарияланды
Премьер-министр авиациялық қауіпсіздікті күшейту жөнінде бірқатар тапсырма берді
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін
Баку — Грозный рейсіне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды
Алматы соты блогер Шерниязовтың да жазаны жеңілдету туралы өтінішін қанағаттандырмады
Алматы - Өскемен тасжолында жүк көлігі аударып қалды
Алматы - Өскемен тасжолында жүк көлігі аударылып қалды