«Қоғамның өзі өзгеруді қажет етуі керек»: Қарин ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру жайлы

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «AMANAT» партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының алғашқы республикалық форумында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру туралы айтты.«Бүгінде елімізде бірқатар нысаналы реформалар жүзеге асырылып жатыр. Саяси жүйе қайта қаралды. Мемлекеттік жұмыстардың мәртебесі түбегейлі өзгерді. Бірақ құндылықтар өзгермейінше, реформалардың толыққанды іске аспайтынын түсінуіміз керек. Мемлекет пен қоғам жаңа сатыға көтерілуі үшін халықтың санасы өзгеруі қажет», - деді Ерлан Қарин. Мемлекеттік кеңесші атағандай, Президент саяси жобалар мен мемлекеттік институттардың жұмысын түбегейлі өзгертті. «Біз инклюзивті ашық қоғам қалыптастыруға ұмтыламыз. Бірақ оны жүзеге асыру үшін қоғамның, азаматтың өзі өзгеруді қажет етуі керек. Ол үшін жауапкершілігі жоғары, саяси мәдениет қалыптасуы қажет. Біздің алдымызда құндылықтар мен саяси көзқарастарды қалыптастыратын өте үлкен, ауқымды жұмыстар тұр. Президент атап өткендей, құндылықтарды арнайы жарлықпен, қаулымен немесе заңмен жасанды өзгерту мүмкін емес, оны қоғам мен мемлекет бірлесіп қана жүзеге асырады. Біз тек кейбір басым бағыттарды ғана көрсете аламыз. Ал ұлттың жаңа сапасы біртіндеп және нақты қадамдар арқылы қалыптасады. Сондықтан Президент экономика, саясат, идеология саясатындағы реформаларды бір-бірімен үндестіріп жүзеге асыру қажетін айтады. Біз мемлекттік инстиуттарды нығайту, қоғамдық ортақ жұмыстарға жұмылдыру, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру арқылы елімізді жаһандық сын-қатерлерге төтеп беруге дайындаймыз», - деді Мемлекеттік кеңесті Ерлан Қарин.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қостанайда 20 жыл көріспеген әкесі мен қызы табысты
Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде күміс медаль алды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізеді