Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жұбайының қалай өзін еркелететінін еске алды. Күйеуі жайлы естелігін Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ."Қайрекем "көжегім" деп еркелететін. Көжектің тарихын айтып бергім келіп отыр. Қайрат қатты еркелеткенде "Ой, Құдай-ай, көжегім-ай менің" деп айтатын. Неге қошақаным емес? Неге ботақаным емес? Білмеймін, неге екенін... Себебі, көжектің көзі бадырайып өмірге деген сүйіспеншілігі, еркелігі, нәзіктігі болғандықтан шығар... Ол да енді естелік", - деді тележүргізуші видеода.