20 сәуірде Көкшетау қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыс тұрғынына қорқыту және зорлық-зомбылықты қолдану арқылы бірнеше рет тауарлық және ақшалай несиелер рәсімдеуге мәжбүр еткен күдікті ұсталды, - деп хабарлайды polisia.kz.Басылым мәліметінше, шығын көлемі - 1,5 миллион теңге."Бұл факт ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Істің өзге мән-жайлары анықталуда. Осы баптың санкциясы үштен жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді", - делінген полиция хабарламасында.Күдікті ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.