Олар бауыр еті баласына мүлде көмек бермей қойған, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.Екі жағдайда да бұрынғы күйеулеріне шағымданған әйелдер алименттерін жылдар бойы ала алмағанына жеткізген. – 26 жастағы қала тұрғыны баласына 1 миллион теңгеден астам алимент қарыз. Ал Қарағанды облысы Теміртау қаласында тұрып жатқан екінші арызданушының айтуынша, бұрынғы күйеуі 2010 жылдан бері алиментті мүлде төлемеген. Қазір қарызы 5 миллион теңгеден асып жығылған. Екі факт бойынша да сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деді Ақмола облысы Полиция департаментінің өкілі. Тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 139-бабы алимент төлемейтіндерді 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа, яғни екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе дәл осы мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.