Көкшетауда ата-анасы қан құйдыртудан бас тартқан бала жансақтау бөлімінде көз жұмды

28 қыркүйекте Көкшетау балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде 1,5 жасар сәби қайтыс болды. Оның ата-анасы діни сенімге байланысты баласына қан құйдырмай қойған.Qazaqstan Media мәліметтері бойынша, 24 қыркүйекте баланы "Авиценна-Бурабай" медициналық ұйымынан көпсалалы облыстық балалар ауруханасының Анестезиология және реанимация бөлімшесіне жеткізді. Бала 2022 жылы туған, 1 жас 8 айлық. Диагнозы – ауыр дәрежедегі екі жақты пневмония. Асқыну сепсис, СПОН (уытты кардит, гепатит, нефрит), екінші дәрежелі кома, церебральды ісіну, көру жүйке талшықтарының ісінуі. Баланың ата-анасы медициналық көмекке уақтылы жүгінбеген. Пациент келіп түскен күні UMC "Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының" штаттан тыс бас балалар реаниматологымен кеңес өткізілді. Балаға қан құю ұсынылды. Алайда, бұл процедураны жүргізу үшін кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдерінің келісімі талап етіледі. Баланың ата-анасы діни наным-сенімдеріне байланысты балаға қан құюға келісім бермеді. Басылымның хабарлауынша, олар Иегова куәгерлері ағымына жатады. Осыған байланысты аурухана шұғыл түрде қан құю мәселесін шешу үшін облыстық және Бурабай ауданының қорғаншылық және қамқоршылық органдарына өтінішпен жүгінді. 27 қыркүйекте қамқоршылық органдары ата-аналармен тағы бір мәрте сұқбат жүргізіп, бірақ оларды қажетті рәсімдерді жүргізуге көндіре алмады. Ата-ана баласының өміріне өздері жауапты екенін растайтын жазбаша қолхат берді. Ауруханадағылар қабылдау кезінде баланың жағдайы өте ауыр болғанын айтады, өйткені асқыну салдарынан көптеген органдар дұрыс жұмыс істемеген. 28 қыркүйекте жағдайы күрт нашарлаған бала аурухананың жан сақтау бөлімінде қайтыс болды. Осы мәселе бойынша орталық мемлекеттік органдарға тиісті хаттар дайындалуда.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күніне орай Күләш Байсейітова шыңына шықты
Сақинасын шеше алмаған жас келіншек құтқарушылардан көмек сұрады
Теміртау маңында 700-ден астам көлік жолда қалып қойды
Доллардың бүгінгі бағамы
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
Екібастұздық зейнеткер ауруханада 13 миллион теңгесінен қағылды
Грузияда мейрамхананың 12 қызметкері өлі табылды
Талғар қаласында әкім сайлауы өтіп жатыр
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
Теміртауда алты жасар бала мұзға батып кетті
Ұлттық ұланның үздік әдіскерлері анықталды
Екібастұзда зейнеткер ауруханаға түсіп, 13 миллион теңге ақшасынан айырылды
2025 жылы Қазақстан халқын қандай оқиғалар күтіп тұр? Астролог болжамы
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА