Көкшетау қаласында мектеп ауласында асылып қалған 18 жасар бойжеткеннің денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.Ақмола облыстық ПД мәліметінше, 20-шілдеде сағат 9:50 шамасында Әуелбеков көшесідегі №16 орта мектеп аумағында асылып тұрған қыздың денесі табылғандығы туралы 102 желісіне телефон арқылы хабарланған."Шақыру орнына Көкшетау қалалық ПБ жедел-тергеу тобы бағытталды. Асылып қалған бойжеткеннің Көкшетау қаласының 18 жастағы тұрғыны екені анықталды. Осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі "өзін өзі өлтіруге жеткізу" бойынша сотқа дейінгі іс қолға алынып, сараптама тағайындалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталу үстінде", - деп түсіндірді ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.