Көкшетауда жалған құжаттар жасағандар сотталды

Көкшетау қалалық сотында ЖШС директоры О. және полицияның бұрынғы инспекторы К.-ға қатысты көлік құралдарын заңсыз тіркегені бойынша қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды Massaget.kz.Тергеумен О. бірнеше рет сөз байласқан адамдар тобында ірі мөлшерде, алдау жолымен мүліктік залал келтіргені (ҚК 195-б. 4-б. 2-т.), жалған төлем құжаттарын дайындағаны және өткізгені үшін айыпталған (ҚК 232-б. 2-б.); К. – алдау жолымен ірі мөлшерде, бірнеше рет, өзінің қызмет бабын пайдаланып сөз байласу арқылы адамдар тобына мүліктік залал келтіргені үшін айыпталған (ҚК 195-б. 4-б. 2-т.).Сотта не анықталды? 2020 жылдың желтоқсанынан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін О. К.-мен бірлесіп, мемлекетке алымдар мен төлемдерді төлемей, шетелден әкелінген көлік құралдарын жүйелі тіркеуді ұйымдастырған. Олардың қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде 55 жүк көлігі заңсыз тіркелген. Қылмыстық схемаға сәйкес, О. құжаттар топтамасын жинап, жалған төлем тапсырмаларын дайындап, арнайы ХҚКО-на тапсырып отырған және К.-ның көмегімен көлік құралдарына техпаспорт пен мемлекеттік нөмір алып, содан кейін оларды иелеріне берген. К. қызмет бабын пайдалана отырып, жалған төлем тапсырмалары мен төлем фактісін жасыруға мүмкіндік беретін мәліметтер бойынша өтінімдерді кедергісіз бекітуді қамтамасыз еткен. Әрбір заңсыз тіркеуден К. 50000 теңгеден 100 000 теңгеге дейін алып отырған. Жергілікті бюджетке түспеген материалдық залал сомасы – шамамен 380 млн. теңге. Сот шешімі Жаза тағайындауда сот К.-нің асырауында жас баланың болуын жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді, құқық қорғау органының қызметкері бола отырып, қызмет бабын пайдалана отырып құқық бұзушылық жасағаны – ауырлататын мән-жай ретінде саналды. Сондай-ақ сот О.-ның қылмысты жасаудағы белсенді рөлін, ауыр қылмыс жасағанын және материалдық залалды өтемегенін ескерді. Сот үкімімен О.-ға 5 жыл, К.-ға – 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, әрқайсысы 3 жыл мерзімге басшы лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Материалдық залал сотталғандардан мемлекет кірісіне ортақ түрде өндiрiлді. Бұдан басқа, сот Көкшетау қаласының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының лауазымды тұлғалары тарапынан қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің болуына тексеру жүргізу қажеттігін, сондай-ақ істі сотқа дейінгі тергеу сатысында қадағалауды тиісінше жүзеге асырмағанын көрсетіп, облыс прокуратурасының атына жеке қаулылар шығарды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Вьетнамдықтар қазақстандық әуе компаниясын сатып алады
Композитор Смағұл Көшекбаевтың туғанына 120 жыл толды
Қазақстанда қыста мопедпен жүруге бола ма
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті