Көкшетауда жатақханадан өрт шықты. 40 адам эвакуацияланған, оның 10-ы - бала.Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 49 жастағы ер адам темекі шегіп отырып диванда ұйықтап қалған. Соның салдарынан төсек-орын мен линолеум жанған.«Өртті сөндіруге №10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. Құтқарушылар жатақханадан 40 адамды (оның 10 бала) эвакуациялады. Ал өрттің шығуына себепші болған ер адамды жедел жәрдем бригадасына тапсырылды», - деді ведомстводан.