Көкшетауда жергілікті тұрғынның жол талғамайтын қымбат көлігін біреу өртеп кеткен

Көкшетауда өзгенің көлігін қасақана өртеп жіберген күдікті ұсталды, полиция ер адамның қылмысқа бару себебін анықтап жатыр.Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 желтоқсанда Көкшетау қалалық полиция бөліміне көлік иесінен арыз түскен. Зардап шегушінің сөзінше, белгісіз бірулер түнде оның «Ниссан Патрол» автокөлігін өртеп жіберген. «Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 202-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді (бөтеннің мүлкін қасақана жою). Жедел – іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары қылмыс жасалған ауданда орнатылған бейнебақылау камераларының жазбаларын көріп, сол маңдағы үйлердің тұрғындарынан жауап алды. Нәтижесінде екі тәуліктің ішінде күдікті ретінде СҚО ауылдарының бірінің 23 жастағы тұрғыны анықталды. Қазіргі уақытта полиция ер адамды мұндай қылмысқа баруға не итермелегенін анықтап жатыр, - деді ведомстводан. Ведомстводан атап өткендей, ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабының 2-бөлігі бойынша күдікті 3-7 мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзету жұмыстарына тарту, иә болмаса 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге шектеу қою немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін. Еске салайық, әкесінің көлігін рұқсатсыз мініп кеткен көкшетаулық үш жасөспірім жол апатына ұшыраған болатын.

Читать источник astanatv.kz/kz/
“Жалған құжаттар жіберіліп жатыр“. ҚҰБ ескерту жасады
«Тамаша» туралы тамаша тарту
Маркус Тюрамға бірнеше команда қызығушылық білдірді 
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
Ақмола облысында екі бірдей өрт сөндірілді
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Орталық төңірегіндегі тартыс
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
950 жылдық теңдессіз туынды
Қайтарымсыз грант нәтиже беруде
ШҚО-да электр қозғалтқыштары шығарыла ма
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды
«Тамаша» туралы тамаша тарту
«Таза Қазақстан»: эко ғана емес, сана тазалығы
«Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл
«Бывшыйым» артымнан қалмайды»: Коуч қыздарға абьюзер жігіттерден қалай құтылуды үйретті
“Жалған құжаттар жіберіліп жатыр“. ҚҰБ ескерту жасады
Орталық Азия елдерінің ортақ диалогы
Астанада желілік мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды
Өңірлер қуатты болса, мемлекет мықты
Ауыр атлетика: Артем Антропов – әлем чемпионы
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді