Көкшетауда полицейлер жүргізуші куәлігін заңсыз беру жайтының алдын алды, деп хабарлайды Kazinform.Облыстық полиция департаменті ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Көкшетау қалалық ХҚКО қызметкерлерінің қылмыстық әрекеттерінің жолын кесу бойынша жедел іс-шара жүргізді. Осылайша, емтиханнан нақты өтпей, 100 мың теңге ақшалай сыйақыға жүргізуші куәлігін заңсыз беру фактісі анықталды. «Қыркүйек айында Назарбаев даңғылы мен Әшімов көшесінің қиылысында делдал ақша аударып жатқан жерінде полицейлер қазір қатысы бар-жоғы анықталып жатқан адамды ұстады. Жеке тінту кезінде ұсталған азаматтан 440 мың теңге тәркіленді», - деді ІІМ баспасөз қызметінен. Осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.