Көкшетауда қала әкімдігі 169 миллион теңгенің гаражына тапсырыс берген

Көкшетауда қаланы сумен қамтамасыз ететін "Көкшетау Су Арнасы" коммуналдық кәсіпорны 169 миллион теңгеге гараж сатып алмақ болған, - деп хабарлайды Massaget.kz.Бұл туралы өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мәлім етті. Компания 12 көлікке арналған модульды гараж сатып алмақ болған. Мемлекеттік сатып алу порталына гараж бағасын 169 миллион теңгеге бағалапты. "Сатып алудың бірыңғай терезесі" жүйесі арқылы мониторинг жүргізген департамент өрескел заңбұзушылықты анықтаған."Мониторинг нәтижелері мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың жоспарланған тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге бағаны негізсіз көтеру фактілерін көрсетті. Мәселен, Көкшетау қалалық әкімдігі жанындағы "Көкшетау Су Арнасы" кәсіпорны 169,5 миллион теңгеге 12 модульдік гаражын сатып алмақ болған. Ал оның нарықтық құны 108 миллион теңге. Департаменттің уақытылы жіберген ұсынысының арқасында аталған ұйым мемлекеттік сатып алудан бас тартты. Осылайша 169,5 миллион теңге бюджет қаржысы үнемделді", - дейді департамент басшысы Асхат Оразхан.Өңірде жыл басынан бері ғана облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментімен 1 миллиард теңгеден астам бюджет қаржысы үнемделген.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қабырғасы пластик фольгамен қапталған: есірткі өсірген қызылордалық 12 жылға сотталды
«Түрмеге отырып шыққан адам бұрынғыдай болмайды»: Дана Есеева абақтыда отырған күйеуі туралы айтты
85 млн теңге қарызы көлік жүргізушісі ұсталды
Роботтар дәуірі басталды
Екі баланы қатар сүндеттегенде жасалатын ырым бар ма?
Қызылорда қысқа дайын болмағаны ма?
Қызылорда облысында есірткі зертханасы жойылды
Әскерден неге қаштың, бала батыр?
Бүгін 13 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Күйдіргіден қауіп көп
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Жел екпіні күшейеді: құтқарушылар елордалықтарға ескерту жасады
Қалжыңдаймын деп айыппұл арқаламаңыз: ІІМ ескерту жасады
Нашақорлықпен күрес күшейді
Қаншама зират көрдім, ішінде адамы жоқ...
Қазақстандықтар қай жемісті көбірек тұтынады
Полиция мереке қарсаңында күшейтілген қызмет режиміне көшеді
Қаржылық сауат балабақшадан басталады
Сырты бүтін» кітабының тұсаукесері өтті
Ақтауда жасөспірімдер жағажайдағы қоршауды қиратқан
Екібастұзда құбыр жарылып, 10 жастағы бала күйіп қалды (ВИДЕО)
Жоғары аудиторлық палатаның есебі тыңдалды
Жыл басынан бері Астанаға миллионнан астам турист келді
Білім мен инновацияға негізделген экономика құру қажет