Көкшетауда көліктерді заңсыз тіркеген ХҚКО маманы ұсталды

Көкшетауда көліктерді заңсыз тіркеген күдікті ұсталды. Ол халыққа қызмет көрсету орталығының маманы болып шықты. Бұрынғы жалған төлем құжаттарымен айласын асырған. Осылайша шет елден жеткізілген көліктерді тіркеген. Мемлекетке жарты млрд теңге шығын келтірді. Қазір күдіктіге қатысты тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Әлібек ӘБДІЛОВ, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Жалған төлем-есеп айырысу құжаттары арқылы 68 көліктің заңсыз тіркелгені анықталды. Бастапқы тіркеу үшін алым төлемеу түріндегі мемлекетке келтірілген шығын шамамен 449 млн теңгені құрады. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды. Айта кетейік, шетелден әкелінген темір тұлпарлар енді уақтылы тіркеуді талап етеді. Яғни ел аумағына кіргеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде заңдастыруы тиіс. Ол үшін өзіңізбен бірге жеке куәлік пен меншік құқығыңызды көрсететін құжат болу қажет. Ақтоты БОРАНОВА, ҚР ІІМ ӘПК ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Бұл жерде ең бірінші алғашқы жасалатын қадам ол кедендік тазалаудан өтеді. Салық орындарынан міндетті түрде, алғашқы мемлекеттік жарнасын төлейді. Экологиялық кодекске байланысты, утиль алымын төлеп болғаннан кейін ішкі істер органдарына қазақстандық есепте қоюға құжаттарымен бірге алып келеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді (ВИДЕО)
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды