30 наурызда Көкшетауда Баймұқанов көшесіндегі төрт қабатты тұрғын үйдің подъезінде өрт шығып, 80 адамды эвакуациялауға тура келді, деп хабарлайды Zakon.kz.Өрттің және одан кейінгі эвакуацияның себебі - бірінші қабаттағы подъездің ағаш терезе жақтауларының отқа орануы. Эвакуация жұмысымен өрт сөндірушілер мен полиция айналысты. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.25 шаршы метр аумақты алған өрт сағат 07:55-те сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталу үстінде.