Көкшетау қаласында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйдің аумағында 30 шаршы метр аумақты құрайтын күзет дүңгіршегінен өрт шықты.Өрт уақытылы сөндірілді.ТЖД жеке құрамынан 10 адам және 2 техника жұмылдырылды.Оқиға орнынан бір адамның денесі табылды. Өрттің алдын ала себебі — электр жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтамау.