Көкшетауда тұрғын үйлердің бірінде жылу жүйесі жарылып, 3 әйел көз жұмды

Көкшетау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде жылу жүйесі жарылып, 3 әйел көз жұмды. Қайтыс болғандардың бірі - үй иесі, зейнет жасында болған. Ал, қыдырып келген оның қос құрбысы 50 және 56 жаста. Үшеуінің де денесінің басым бөлігін күйік шалып, құтқаруға мүмкіндік болмаған. Қазір оқиғаның негізгі себебі анықталып жатыр. Жанна КӨКЕШЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Біз алдымен 109-ға хабарластық. Бірақ олар бізге басқа жауапты мекемелерге хабарласуымызды сұрады. Осылайша, біз таңғы 4-5 ке дейін тек телефонда жауап күттік. Көршілердің жарығы жанып тұрғасын терезесі мен есігін қайта-қайта қақтық. Бірақ ешкім ашпады. Ал, тиісті сала мамандары келгенше ыстық су барлық дәлізді алып кетті. Гүлнар ПИНЧУК, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Аталған іс сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіміне енгізілді. Алғашқы медициналық қорытындыға сәйкес, әйелдердің өліміне күйіктен болған шок себеп болып отыр. Медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Читать источник astanatv.kz/kz/
“ҚТЖ-Жүк тасымалы“ филиалы депосының бастығы сотталды: 22 қараша 2024, 09:47 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
Тоқаев Украинадағы ахуалдың ушығуына байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды
Елімізде 170 мыңнан астам адам өзін-өзі құмар ойындардан шектеген
Мемлекет жер қойнауын пайдалану құқығына арналған аукциондардың ашықтығын қамтамасыз етеді
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
Алматының Сайран жағалауындағы жаңа қоғамдық кеңістік 2025 жылы ашылады
Еліміздің валюталық және алтын-валюта резервінің көлемі 100 млрд доллардан асты
Қазақстанда жерді адал пайдаланушыларды анықтау үшін құқықтық негіз жасалады
Алматы мектептері “Көкөніс айын” өткізуде
Түркия түлектері Алматыда бас қосты
Елімізде лицензиясыз қызмет еткен 58 мектеп анықталды
Алматыда пәтерді жалға берушілер жауапқа тартылды
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Хорватияға алғашқы ресми сапармен келді
Қазақстан туберкулезді жою ісінде ДДҰ-ның үздік практикалар орталығы болуға дайын
Қазақстан полицейлері шағын футболдан Нидерландыда өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті
Алматыда құрылыс нысанына айыппұл салынды
Алматыда жаңа деңгейдегі қауіпсіздік жүйесі іске қосылды
Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары өмірден өтті
Алматыда түнгі қарақшылар ұсталды
"Қазақстанда кәсіби футбол клубын ашқым келеді" – Седет Чичек
Сенат төрағасы ТМД Парламентаралық Ассамблеясының отырысына қатысты
eGov қосымшасында уақытты өзгерту туралы сауалнама пайда болды
Абай облысында мектеп қазандығы жарылып, жұмысшы зардап шекті