16 наурызда "ҚазАвтоЖол" еліміздің екі облысында республикалық маңызы бар тас жолды жапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Қарағанды облысында қар мен көктайғақ салдарынан жолды жабуға тура келді. Бұл өңірде Қызылорда-Павлодар жолының 165 шақырымдық бөлігі жабылды. Қарағандыдан Павлодар облысының шекарасына дейінгі учаскеде көліктің жүруіне тыйым салынды. Ал Павлодар облысында дәл осы тас жолдың Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейінгі бөлігінде де осындай режим енгізілген. 71 шақырым жол жабық.