Көктем мен жаз әдеттегіден ыстық болады. Биыл ауаның орташа температурасы нормадан 1 градусқа жоғары. Мамандар сәуірде жауын-шашын көп жауады дейді. Оған Ресейдің еуропа аумағының циклоны әсер етеді. Ал маусымда күн қатты ысыйды. Бірақ шілде мен тамызда қайта қалпына түседі. Жұлдыз ИСАБЕКОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:Жазда ыстық күндерде, салқын, жаңбырлы күндер де болжанады. Егер жаздың басында маусым айында алдын-ала болжам бойынша Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын мөлшерден аз күтілсе, шілде және тамыз айларында елдің басым бөлігінде норма шамасында және нормадан көп.