Көктемгі су тасқыны Тобыл өңіріндегі тоқсан елдімекенге қауіп төндіруі мүмкін

Қар қалың, қауіп жоғары.Тобыл өңіріндегі тоқсан елдімекенді су басу қаупі бар. Тіпті шаһар шетіндегі шағын аудандар қар суының астында қалуы мүмкін. Өйткені бұл маңайда кәріз жүйелері әлі салынып біткен жоқ. Ал мердігер ұйымдар қаңтар айында қала сыртына 168 мың текше метр ақ ұлпа шығарған. Қалың түскен қардан қандай қауіп бар? Заңғар Санай сабақтайды.Биыл қар былтырғыға қарағанда екі есе қалың. Әсіресе Тобыл өзені маңындағы жеке сектор ақ ұлпаға көмілді. Қауіпті аймақтар қатарында қаланың солтүстік-батыс бөлігі , «Қонай» мен «Дружба» тұрғын алаптары да бар. Асылан МАХМУТОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТЖД БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Су басу қаупі бар аймақта шамамен 404 тұрғын үй бар. 1500-ге жуық адам мекендейді. Бұл маңайды Әбілсай арқылы келетін қар суы басуы мүмкін.Тобыл өзенінен қауіп төніп тұр.Былтыр осы көшелердің бойындағы су өткізетін құбырлар тазартылды. Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ: Коммуналдық мекеме басшылары қалың түскен қардан қауіп бар екенін жасырмайды. Бірақ тұрғын үйлерді су басуға жол бермейміз деп сендіріп отыр. Қаупі басым аймақтар қатарында «Береке» және «Юбилейный» шағын аудандары мен Қостанай индустриалды аймағы бар. Былтыр бұл аумақта кәріз жүйелерінің жұмысы бітпей қалған. Жауаптылар қаланы қардан тазартамыз дейді. Тапсырманы орындамаған мердігерлер мен тиісті мекеме басшылары тікелей жауап береді. Марат ЖҮНДІБАЕВ, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл жұмыстарды қыс бойы аяқтауларыңыз керек. Осы жылдың көктемінде су ағар жүйелері іске қосылу керек. Әкімнің орынбасары және құрылыс бөлімі көктемге дейін дайын болады деп отыр. Естеріңізде болсын, ертең аудан тұрғындары суға батса өздеріңіз жауап бересіздер. Қостанайда жүзден астам қар суын өткізетін жуан құбыр мен 96 суағар жүйесі бар. Тасқынға төтеп беретін 5 канал да тазартылды дейді мамандар. Ал облыс бойынша 90 елдімекенді су басу қаупі бар. Тасқынға тойтарыс беру үшін қандай шара атқарылып жатқаны белгісіз. Облыстық департамент басшылары сұхбат беруден бас тартты. З. Санай

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтау-Алматы бағытындағы ұшақта ер адам кішкентай қызды азғындамақ болған
Ұшақ апатынан белгілі кәсіпкер отбасы мүшелерімен бірге мерт болды
Балқашқа былтырғымен салыстырғанда 4 млрд текше метрге артық су жіберілді
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Қостанайда сырғанақ кезінде бес бала ауруханаға түсті
«Заңды өрескел бұзу»: Асхат Аймағамбетов Семейдегі мұғалім оқиғасына қатысты пікір білдірді
“90-жылдардағы бандит“: танымал продюсер күйеуі туралы айтып, жан сырын ақтарды
«Күйеуім крутой, спортшы болды»: Гүлнұр Мамасарипова 31 жыл бұрынғы сырын айтты
5 жылдан кейін еліміздің транзиттік тасымалы қалай өзгереді
Алдағы үш жылда тағы 257 локомотив жеткізіледі – Марат Қарабаев
28 жылдан бері қолданылып келе жатқан ескі вагондар әлі бар - депутат
Қазақстан аумағында 13 халықаралық дәліз жұмыс істейді
Алматы стадионының экс-басшысы Бауржан Жұмажанов: “Менің шындығым“
3,7 млрд теңге жымқырған есепші Ресейден елге қайтарылды
Мүгедектігі және асыраушысынан айырылғандарға шамамен 633,4 млрд теңге төленді
Көкшетаулықтар 55 шет ел көлігін заңсыз тіркеген
Ресейден Қазақстанға өзбекстандық экстрадицияланды
Испанияда жүлде қоры €2,7 млрд лоторея ойнатылып жатыр