Көлігі өзге елде есепте тұрған азаматтар енді автокөлігін уақытша 5 жылға тіркей алады. Ол үшін мобильді қосымша арқылы немесе электронды порталда өтініш беру керек. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Алтын Жамалиев айтты. Бұл аралықта шет мемлекеттің тіркеу құжаттары мен мемлекеттік нөмірлері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына сақтауға тапсырылады. Оның орнына уақытша мемлекеттік нөмір мен уақытша тіркелгендігі туралы куәлік беріледі. Меншік иесі 5 жыл ішінде көлігін шетелдік тіркеуден шығарып, Қазақстанда заңдастырмаса, автокөлікті елден шығаруға міндеттеледі.Алтынбек ЖАМАЛИЕВ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Көлік құралдары 5 жыл мерзімге дейін уақытша есепке қойылатын болады. Ол азаматтар тек мемлекеттік номер үшін және көлік құралының тіркеу нөмірі үшін тіркеу құжаттары үшін алатын баж төлемдерін төлейді. Сонымен қатар 200 мың теңге соманы төлемейді. 200 мың теңге соманы аталған азаматтар тек қана нақты есепке қоятын жағдайда қалған құжаттарын әкеліп ЕАЭО есебінде тұрған көлік құралын есептен шешіп, содан кейін 200 мың теңгесін төлеп, нақты есепке қоюға рұқсат берілген. Шетелдік көліктерді заңдастыру үшін өтініш 1 шілдеге дейін ғана қабылданады. Қазір 160 мың өтініш қанағаттандырылып, көліктер тіркеуге алынған. Әлі 13 мыңнан астамы өз кезегін күтіп тұр. Одан бөлек, 7 мыңға жуық құрастырмалы автокөлік мемлекеттік есепке кірді.