Көлік жуу орталықтары мен моншалар суды қайта пайдалану құрылғысын орнатуға міндетті

Көлік жуу орталықтары мен моншалар суды қайта пайдалану құрылғысын орнатуға міндетті. Бүгін Үкімет отырысында осындай бастама көтерілді. Судың да сұрауы барын әзірге ұғынып тұрған жоқпыз. Үнемдегендерге жеңілдік жасалып жатыр. Бірақ мүмкіндікті кәдеге жаратуға қызығатындар көп емес. Сала жұмысын реттеу үшін тұжырымдама қабылданды. Ол шаш етектен асатын мәселені шеше ала ма? Бекболат Сатуов тарқатады. Қазақстанның 8 су шаруашылығы бассейнінің жетеуі трансшекаралық саналады. Соның салдарынан Қазақстан негізінен көрші елдердің су шаруашылығы саясатына тәуелді. География және су қауіпсіздігі институтының деректеріне сәйкес, 1960 жылмен салыстырғанда Қазақстан аумағындағы орташа көпжылдық өзен ағыны 12,5 шаршы шақырымға азайды. Сондықтан трансшекаралық ынтымақтастықты дамыту маңызды. Нұржан НҰРЖІГІТОВ, ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ: Трансшекаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту шекаралас мемлекеттермен трансшекаралық су ағындарын бірлесіп пайдалану, қорғау туралы жаңа екіжақты және көпжақты шарттық базаны құруды және қолданыстағы шарттарын жетілдіруді талап етеді. Гидротехникалардың жағдайы да мәз емес. Көп жылдар бойы оларды күтіп ұстауға тиісті көңіл бөлінбей келді. Мәселен, Орталық Қазақстан мен Астананың басты су арнасы Қаныш Сәтбаев атындағы каналда сорғы станциялары жұмысының тиімділігі небәрі — 30 пайыз. Үлкен Алматы каналы пайдалануға берілген кезден бастап 40 жыл бойы жөндеу жүргізілмеген. Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында магистральдық және шаруашылық аралық арналардың көпшілігі тозған. Нәтижесінде 40 пайыз су ысырап болуда. Тіршілік нәрін үнемдеп пайдалануды Үкімет басшысы тағы бір ескертті. Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: Біз қазір фермерлерге су беру құнын субсидиялап отырмыз. Сондай-ақ су үнемдеу технологияларын сатып алуға жұмсалған шығынның 50 пайызын өтейміз. Биыл бұл межені 80 пайызға дейін көтеру жоспарлануда Суды дәл осы ауыл шаруашылығы саласы көп пайдаланады. Тамшылатып суару технологиясына басымдық беріліп, субсидия төлеудің себебі осында. Жалпы сала ескі технологиямен жұмыс істеп келеді. Жаңадан құрылған министрлік кемшіліктерді бүкпесіз жеткізді. 2030 дейінгі тұжырымдама аясында 20 жаңа су қоймасын салынып, қолданыстағы 15-і қайта жаңғыртылмақ. Сондай-ақ 14 мың шақырымнан астам суару арналары мен гидротехникалық құрылыстарды жөндеуден өтеді. Тұжырымдама негізінде Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы құрылады. Осы арқылы министрлік су нысандарының деректерін, гидротехникалық ғимараттар, су бассейіндік учаскілер, гидропосттар, ғарыштық мониторинг жүргізуге, электрондық форматтағы паспортын көруге мүмкіндік алмақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Банк саясаты саласындағы келісімді ратификациялады
Қытайлық баскетболшы сүйіктісін қонақүйге чемоданға тығып алып кірген
«Зиял тұлға еді»: Президент Мекемтас Мырзахметұлының отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Техникалық колледжіндегі жымқыру дерегі бойынша
Колумбиядағы ұшақ апатынан ешкім тірі қалмаған
Гвардейск гарнизонында тактикалық даярлық сабақтары өтті
Қазақстандықтар тіс емдетуге 56,3 млрд теңге жұмсаған
Президент Мекемтас Мырзахметұлының отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Қазақстан әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді
Алматыдан 77 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді
Алматыға жақын жерде жер сілкінісі болды
Динара Зәкиева 10 жасар қыздарға хат жазған блогерге қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді
Оралда аумақтық қорғаныс бригадасының жаңа нысандары пайдалануға берілді
Алматы маңында жер сілкінісі болды
Елордада 700-ге жуық жас сарбаз ант берді
«Қазақанимация» жас көрерменге үш жаңа жоба ұсынады
Қазақстандық оқушы әлемдік олимпиадада алтын медаль жеңіп алды (ВИДЕО)
Елордада 700-ге жуық жас сарбаз ант берді
Жетісу облысында жоғалған адам табылды
Жаңа жылдық рейд барысында заңсыз ағаш кескендер анықталды
«Әкемді құшақтап, тоқтамай жыладым»: түрмеден шыққан актер Асқар Жұмабек жан сырын ақтарды
10 жастағы қазақстандық оқушы дүниежүзілік Олимпиадада алтын иеленді
МӘМС жүйесін сақтап қалуымыз керек: ДСМ