Көлік логистика саласында 10 мың маман тапшы

Елімізде көлік логистика саласында маман тапшы. Бір ғана Павлодар облысында 1500 жолшы жетіспейді. Әсіресе, жол және көпір құрылысына ауадай қажет. Қазір бұл салада қызмет істеп жүрген жолшылардың тек 10 пайызының ғана кәсіби білімі бар. Сондықтан биылдан бастап бұл бағытқа бөлінетін грант саны көбеймек. Бұл мәселені шеше ала ма? Тілшіміз анықтап көрді. Елімізде азаматтық авиация, теміржол, көлік логистика саласында 10 мыңдай маман тапшы. Әсіресе, жол құрылысына қажетті мамандар саусақпен санарлық. Оның өзінде кәсіби білім бар мамандар 10 пайызды ғана құрайды. Павлодар облысында жолшы мамандығына сұраныс жоғары. Қазірдің өзінде 1500 орын бос тұр. Сондықтан Көлік министрлігі мәселені әріден шешу үшін мектеп түлектеріне бұл мамандықты таңдау туралы үгіт насихат жүргізуді бастап кетті.Ғалымжан БАЙСЕЙІТОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:Келешекте біз білікті мамандарды даярлауымыз қажет. Сондықтан бүгін Павлодар облысы, қаласы бойынша мектеп бітіруші оқушыларды жинап, арнайы алаңға жинап біз көлік саласында қандай мамандықтар бар. Және келешекте сол мамандарды қалай пайдалануға болады сол туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ал қазіргі жастар бұл мамандықты мүлдем білмейді. Тек қолына күрек ұстаған адам ретінде ғана елестетеді. Ал шын мәнінде жол салу да тұнып тұрған ғылым екенін көпшілігі түсіне бермейтін секілді. Назерке ЖҰМАҒҰЛОВА, ОҚУШЫ:Мен өзімнің болашақ мамандығым мұғалім. Біз осы техника саласындағы мамандықтар да Қазақстанда көп қажет болып саналады. Себебі өндіріс саласы болашақ технология мамандығында болашақ жастарымыз осы мамандықта білім алатындығына өте қажет болып саналады. Ел бойынша көлікті логистика саласындағы мамандарды 9 жоғары оқу орны дарялайды. Мамандардың пікірінше, түлектердің көпшілігі бұл мамандықпен жұмыс істемейді. Соның кесірінен маман тапшылығы туындап отыр. Қарлығаш АСАЙЫМОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:Павлодар облысында 44 колледж жұмыс жасайды. Бүгінгі күні жол мамандықтары бойынша 2 колледж дайындайды. Биылдан көлік министрлігі көлік логистика саласына бөлінетін грант санын көбейтпек. Бірақ, бұл мәселені бірден шешіп тастамасы анық. Десе де, қазір жастарды сұранысқа ие мамандықтарды оқытуға басымдық берілмек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанда 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Биылғы желтоқсан айында ауылшаруашылық жәрмеңкелеріне миллионға жуық адам келді
Семей қаласындағы жағдай: мұғалімдердің заңсыз жұмысқа тартылуы тексерілді
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
2024 жылы Қазақстандағы су қоймаларына 75 млрд текше метрден астам су жиналды
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Қолайсыз ауа райы: БҚО-дағы жолдың бір бөлігі жабылды
Ешкім сатып алған жоқ – экс-әкімнен тәркіленген мейрамхананың тағдыры не болмақ?
Қарағанды облысында автобус өртеніп кетті
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы көз жұмды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Қарағандыда автобус өртенді
Қуаныш Сүлейменов Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Қазақстандық ауыр атлет рекорд орнатып Азия чемпионы атанды
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды