Түркістан облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz.18 тамызда сағат 23:30 шамасында Бәйдібек аудандық ПБ-нің 102 арнасына жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түсті.Облыстық маңызы бар Шаян-Екпінді тасжолы бойында Nissan көлігі қарама-қарсы жол бөлігіне шығып кетіп, өз жолымен келе жатқан Mercedes-Benz 200 автокөлігіне соқтығысқаны анықталды.Mercedes өртеніп, ішінде болған үш жолаушы мен жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен.ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Тиісті сот-сараптамалары тағайындалды. Кінәлі жүргізуші УҰА қамауға алынды.