Көлік тізгінін кәмелетке толмаған ұлына берген Павлодар облысының тұрғыны жазаланды

Көлік тізгінін кәмелетке толмаған ұлына берген Павлодар облысының тұрғыны жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Май ауданының полицейлері заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізеді.– Жыл басынан бері осындай бұзушылық үшін төрт заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлық ата-аналар бірінші рет ескертілді. Олармен осындай фактілерге жол бермеу туралы түсіндірме әңгімелер өткізілді. Егер құқық бұзушының бір жыл ішінде ата-анасыз түнгі “серуендегені” қайталанса, онда жауапкершілікті тағайындау сотта қаралатын болады, – деп түсіндірді Павлодар облысы Май ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Жандос Айтмұхамбетов. Мысалы, кезекті рейд күні сағат 23:10 шамасында полиция қызметкерлері ВАЗ 21070 автокөлігін тоқтатқан. Полицияны таңқалдырған жағдай, көлік тізгінінде жүргізуге құқығы жоқ және ата-анасының сүйемелдеуінсіз 17 жастағы кәмелетке толмаған болған. Тексеру кезінде тәртіп сақшылары бұл кәмелетке толмағанды Павлодар қаласында әріптестері ұстағанын анықтады. Содан кейін, заңды өкілдердің еріп жүруінсіз түнде үйден тыс жерде болғаны үшін ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ жасөспірім сияқты, ата-анасына ескерту жасалды, олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді, бірақ жасөспірім өзі үшін қорытынды жасамаған сияқты. Полиция көлік құралын басқаруға құқығы жоқ және рульді тапсырғаны үшін 55 жастағы заңды өкілге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) бойынша әкімшілік хаттама жасалғанын және 70 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынғанын нақтылады. Кәмелетке толмағанның заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде қайта болғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 3-бөлігі (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша әкімшілік хаттама жасалды, жиналған материал процестік шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
Черчесов ағынан жарылды
«Аяз, тұман»: Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Тұман, жел, көктайғақ: 25 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Черчесов кетпейтін болды
Жаңа жылға сыйлық: ерекше смартфон сатылымға шықты
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
БҚО-да алғашқы жайлы мектеп ашылды
Өскемен мен Талдықорғанды жалғаған республикалық трасса ашылды
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Елімізде адағы үш күнде ауа райы қандай болады
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды
25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
“57 млн жымқырған“. Әйелінің туыстарын алдаған астаналық сотталды