Алматы облысында екі жүргізуші жол бөлісе алмай, жаға ұстасқан. Жұдырық ала жүгірген ер адамның әрекеті әлеуметтік желіде таралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Жүргізушілердің бірі екінші адамның көлігіне секіріп, терезесін сындырған. Жұдырығымен ұрып, оны өлтіремін деп қорқытыпты. Бұл кезде көлікте жүргізушіден басқа әйел мен бала болған. Бейнежазба авторы олардың қазір ауруханада екенін жазды.Оқиға 28 маусымда Алматы облысындағы Алматы-Бішкек тас жолында болған. " Жамбыл аудандық полиция бөліміне көлікті бұзақылықпен бұзғаны айтылады. Бұл факт ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша аудандық полицияның ЕҚДБ-да тіркелген. Күдікті азамат 1993 жылғы екені анықталды", – деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдіктінің көлігі Ұзынағаш ауылының арнайы айып тұрағына қамалды.