Қолма-қол төлем ғана қабылдайтын жүргізушілердің рейтингі төмендейді

Такси операторлары салықтан жалтарып, қолма-қол төлем ғана қабылдайтын жүргізушілердің рейтингін төмендетеді. Яғни, тапсырысы да азаяды. Сондықтан заңға сәйкес, таксистер жеке кәсіпкер ретінде тіркелгені абзал, - дейді Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов. Кәсібін рәсімдеу үшін салық органдарына жүгінуі керек. Немесе мобильді қосымша арқылы заңдастыру мүмкіндігі берілген. ЗКТ: Қолданыстағы заңда таксистер үшін арнайы салық режимі бар. Олар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, 1 процент табыс салығын төлеуге міндетті. Оған әлеуметтік төлемдерді қосыңыз. Бүгінгі таңда 213 мың адам такси агрегаторлармен жұмыс істейді. Оның 83 проценті үшін бұл -қосымша табыс. Ал 17 мыңнан астам жүргізуші жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Бейресми еңбек етіп жүрген таксистердің өз уәжі бар. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Тіркелген жоқпыз. Біз индрайверге тіркелдік, болды. Қайдан біз жеке кәсіпкерміз? Басымызда кредитіміз бар. Өзіміздің баспанамыз жоқ. Квартираға төлейміз. Бізде қандай жағдай бар, айтыңызшы? - Таксистам и так тяжело. Они же не работают от того что им охота. Мне кажется лишний налог им. -Төлемеу керек шығар деп ойлаймын. Өздерінің тауып жатқан ақшасы. Қаржы министрлігінің өкілдері бұл пікірмен келіспейді. Яндекс, Индрайвер секілді операторлар алған комиссиялары үшін ғана салық төлеп жүр. Ал әр жүргізуші негізгі табысын бөлек көрсетіп, тиісті құн салығын беруі тиіс. Дегенмен, билік өкілдері болашақта заңға тағы өзгеріс енуі мүмкін екенін жасырмады. Ержан БІРЖАНОВ, ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Операторды біз салық төлеуші ретінде қарауға ұсыныс алып жатырмыз. Егер таксист өзі оператор арқылы жұмыс жасайтын болса, ол салықты оператор ұстап, бюджетке аударса, біз оны сондай міндетінен босатуды қарастырып жатырмыз. Бұл енді болашақ кодекстің нормалары болады деп ойлаймыз. Біз оны бизнеспен талқылап жатырмыз. Айсәуле СЪЕЗБЕК, ТІЛШІ: Дегенмен бұл ұсыныс таксист салықтан босатылады дегенді білдірмейді. Тек оператор комиссиядан тыс салықты қатар алып отырады. Министрлік норманы енгізсе, табысын жасырған жүргізушілердің салық төлеуден басқа амалы қалмайды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шерзат Болаттың өлімі: облыс әкімі халықты полицияға сенуге шақырды
Елордадан Бурабайға жаңа туристік пойыз қатынайды
Екі аяқ тізеден жоғары кесілген: Түркістан облысында пойыз ер адамды басып кетті
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
Құтқарушының құрметті жолы
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде
Биыл Қазақстан волонтерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді
Шетелдік туристерге Қазақстанның тәтті кәдесыйлары табысталады
Берік Асылов Мароккоға барып мәселе шешіп келді
Қазақстандағы қайырымдылық: сенім дағдарысынан қалай шығамыз?
Жазушылар одағының 90 жылдығы: әдебиет пен руханияттың дамуына үлес қосқандар марапатталды