"Қолына "смартфон ұстап туған" буын өмірге келді": сенатор цифрлық аутизм туралы айтты

Сенатор Нұртөре Жүсіп сенаттың жалпы отырысында ата-аналардың 65 пайызы балаларына 3-5 жастан гаджет ұстататынын айтты. Оның сөзінше, салдарынан балалар есте сақтау, көру және сөйлеу қабілетінен айырылуда деді.Үкімет басшысының орынбасары Алтай Көлгіновтің атына жолдаған депутаттық сауалында Нұртөре Жүсіп ғалымдардың пікіріне сүйеніп "аутизмді – "ХХ ғасырдың обасы" десе, цифрлық аутизм ХХІ ғасырдың дерті" екенін айтты. Қазіргі таңда ол бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да "цифрлық аутизм" белгілері байқала бастағанына тоқталды. "Балалар смартфонды ұзақ ұстауы салдарынан есте сақтау, көру және сөйлеу қабілетінен айырылып жатыр. Олардың өз бетінше ойлауы, ұзақ мәтіндерді қабылдауы, айналаға назар аударуы қиынға соғып отыр", – дейді сенатор. Ол жеті атасын жатқа білетін ұрпақ орнына жеті ауыз сөзді әзер айтатын толқын пайда болғанына алаңдаушылық білдірді. "Скринэйджер, зуммер, немесе Z-ұрпақ – өз өмірін электронды құрылғысыз елесетете алмайтын жаңа буын. Қазіргі таңда логоневроз ауруы мен Турет синдромы күшейе бастады. Тұтас ұлт пен ұрпақ үлкен қауіп алдында тұр. Ата-аналардың 65 пайызы балаларына 3-5 жастан гаджет ұстатады. Бір сөзбен айтқанда, қолына "смартфон ұстап туған" буын өмірге келді", – деді депутат. Сенатор гаджетизация мен заманауи технологияға қарсы тұру да дұрыс емес екенін айтты. Депутат осыған байланысты мектептер мен балабақшалардағы ата-аналар комитеттеріне, сондай-ақ салалық үкіметтік емес ұйымдарға киберманияның зияны туралы белсенді түрде айтып беруін ұсынды. Сенатор сонымен қатар, өскелең ұрпақтың денсаулығына бақылау жүргізуге тікелей байланысты ұсыныстарын да ортаға салды. "Үкіметке жаңа туған нәрестелерді жаппай ретинопатия және аудиологиялық скринингтен өткізудің сапасына мән беруді, Алматы қаласындағы А.Островский атындағы зағип және көзі нашар көретін балаларға арналған №4-ші мектеп-интернатқа қосымша ғимарат салуды ұсынамыз. Сонымен қатар, логопед және офтальмолог мамандықтарына бөлінетін мемлекеттік грант санын көбейткен маңызды", – деді Нұртөре Жүсіп. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Олимпиададан кейін шымкенттік балалардың дзюдоға қызығушылығы едәуір артқан 
«Пешке отынмен бірге тағы бір нәрсе салған»: Жітіқарадағы 5 баланың өліміне не себеп болғаны айтылды
Щучинскте монша өртенді
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті