"Қолыңды бүйіріңе таянып алып отырма": Әнші Жеңіс Ысқақова енелерге ақыл айтты

Белгілі отандық әнші Жеңіс Ысқақова келінімен қарым-қатынасы туралы ашық айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Өнер иесі келінін “сәнім” деп еркелетеді екен. Мұны желіде ене мен келіннің ас үйде қамыр жайып жатқан видеосынан байқауға болады. Жеңіс Ысқақованың айтуынша, келіні видеоға түсуге келіспеген.“Келінім басында қарсы болды. Бірақ мен көрерменге үйдегі Жеңістің қандай ене екенін, ене мен келіннің сыйластығын көрсетейік, менің замандастарыма және сен сияқты жас келіндерге қызық болсын деп видео түсірдік. Келінім келісті, бірақ бет-әлпетін көрсетпеуін сұрады. “Түрімді көрсетпей-ақ қойыңызша, мектепке барғанда ұяламын” деді. Менің келінім – мұғалім, жас ұстаз. Мен өтінішін ескердім. Камера кейде көрсетіп қояды ғой. Біз екеуіміздің ортамыздағы сыйластық пен махаббатты көрсете алдық деп ойлаймын. Шынында да, келініме Аллаға шүкір, ризамын. Келінім ибалы, инабатты, білімді, қазақы тәрбиесі бар, ана тәрбиесін көрген сондай жақсы қыз. Сәнім аман болсын. Сәніме көз тимесін деп көп көрсете бергім келмейді”, – дейді Жеңіс Ысқақова. Сондай-ақ Жеңіс Ысқақованың келін түсіріп отырған замандастарына айтары бар екен. “Келін – сіздің Отаныңызға келіп отырған ол да біреудің баласы. Сіз ол баланы қабылдап, жақсы көру керексіз. Сіздің балаңыз ұнатқан жарын сіз келген бойда сын көзбен қарамай, жақсы көруге тиіссіз. Аллаға сансыз шүкір, балам келінімді жақсы көрген сайын мен қуанамын. Екеуінің махаббаты берік болса, сондай махаббаттан туылған менің немерелерім да бақытты болады деген сенімдемін. Болашағыңыздың, балаларыңыздың, ұрпағыңыздың бақытты, ақылды, сұлу болғанын қаласаңыз келінмен дос, сырлас болу керек. Ас үйде де: “Келін ғой, істеп ал” деп қолыңды бүйіріңе таянып алып отырма. Көмектесіп жібер, бір үйдің абысын, келініндей болу керек. Келін ақыл-есі дұрыс адам болса, сондай сыйластықты қабылдайды, түсінеді және қолдайды”, – дейді өнер иесі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
19 киік жануарын тасымалдаған қызылордалықтар құрықталды
Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова туралы кітаптың тұсаукесері өтеді
Көк тиыны жоқ аға баю, үш-төрт рет күйеуге тиген апа бақытты отбасы туралы айтады – Қанат Әлжаппаров (Видео)
Белгілі актер Жахан Отарғалиев үшінші рет отау құрмақ
19 киік жануарын тасымалдаған қызылордалықтар құрықталды
Алматының қоғамдық орындарында алғаш рет 24 дербес кітапхана орнатылды
Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова туралы кітаптың тұсаукесері өтеді
Маңғыстау облысында 2024 жылдың күзгі әскерге шақыру науқаны аяқталды
Көк тиыны жоқ аға баю, үш-төрт рет күйеуге тиген апа бақытты отбасы туралы айтады – Қанат Әлжаппаров (Видео)
«Арбауына түсіп қалдым»: Қарағандыда имам алаяқтарға 1 млн теңге аударып жіберген (ВИДЕО)
Алматының қоғамдық орындарында 24 дербес кітапхана орнатылды
“Қатты сағындым“. Ақерке Бүркітбайдың әкесі туралы естелігі көпшіліктің көңілін босатты
Бұрынғы президент «Ұлт әкесі» деген атаққа ие болды
Бұрынғы президент «Ұлт әкесі» жаңа атаққа ие болды
Астана тұрғыны жұмысшы мамандықтардың маңыздылығы туралы айтты
Көктайғақ, бұрқасын: 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Қара жәшік Қазақстанға жетті
«Бақытты болуға лайықты»: әнші Балжан Бидаш экс-күйеуінің үйленуіне қатысты ойын айтты
Қызылорда облысында полицейлер 6 миллион теңгенің ұрлығын ашты
Жітіқарадағы өртте бес баласынан айырылған әйел адам 5 жылға сотталып кетті
Жамбыл филармониясына – 90 жыл
Жануарға еліктеуге, төрт аяқтап жүруге шариғат тыйым салады - ҚМДБ
Елордада ересектердің қарауынсыз қалған үш бала құтқарылды
Қайрат Нұртастың інілері аяқ-қолын сындырып, гипспен жүргені туралы видео тарады