Жазушы Бейбіт Қойшыбаевтың “Комиссар Жүргенов” романы түрік тіліне аударылды. Ал Алмажан Өтеғалиева “Темирбек Жургенов: Триумф и Трагедия” монографиялық еңбегі орыс тілінде жазып шықты. Қос кітаптың жарық көруіне ТҮРКСОЙ ұйымы ұйытқы болды. Түркі әлемі өткен жылды қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновке арнады. Ауқымды шаралар өткізді. Бейбіт ҚОЙШЫБАЕВ, «KOMISER JÜRGENOV» КІТАБЫНЫҢ АВТОРЫ:Ең үлкен шаруасы кәсіби өнерді жандандыруы. Кәсіби өнер ордаларын ашуы. +Мұның үлкен арманы - опера өнерін сіңіру керек. Өйткені қазақтың ән-күйге жаны жақын. +Мына романда соны көрсетуге тырыстық. Қос кітаптың оқырмандар үшін берері көп. Қоғам қайраткерінің сауатсыздық күресі, әділдікті насихаттауы секілді еңбектері қамтылған. Жары Дәмеш Әмірханқызының жазықсыз жазаланған ерін ақтау үшін тынымсыз тер төккені әңгімеленеді. Шараға Мемлекет және қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысып, естеліктермен бөлісті. Арман ЖҮДЕБАЕВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:Темірбек Жүргенов + Ташкенттің қазақ педагогикалық институтінің директоры болған кездегі Мәскеуден ірі ғалымдарды шақыртуы, іргелі пәндерді қазақ тіліне аудартуы, термелер жинағын қарастыруға ат салысуы үлкен қадамдарының алғашқы баспалдағы іспетті.